Вацапта Максим Галкин жүргізетін белгілі бір бағдарламада, ұмытпасам, орыстың кішкентай бүлдіршіні саңқылдап отыр: "Мен 22 шет елдің тілінде өлең айта аламын. Олардың әнұрандарын да жатқа білемін" деп. Максим азамат "Францияның әнұранын орындашы" деді сәбиге. Тамылжытып орындап берді. "Ал енді Қазақстанның әнұранын айтшы" деді. Бала сәл ойланып отырды да: "Алтын күн аспаны..." деп құдіретті әнді саңқылдап айта жөнелді. Құдды қазақтың баласы секілді. Осындайда шет тілін өз тілі санайтын орыстілді ересектердің кещелігіне күйініп, осы жеткіншекті бір тыңдаса екен дегің келеді...
Дурәлі Дүйсебай
Фейсбуктегі парақшасынан