Сен тұр - мен айтайын!

Ө.Шөкеев мырза, жұмыс жасай алмайтын "тобырмен" алысқа бара алмайсыз

  • Ө.Шөкеев мырза, жұмыс жасай алмайтын

    Ө.Шөкеев мырза, жұмыс жасай алмайтын "тобырмен" алысқа бара алмайсыз

Ө.ШӨКЕЕВ МЫРЗА!


Сіздің көмекшілеріңізбен командаңызды толық ауыстыру керек. Отчет тапсырудан арыға бара алмайтын, халықпен мүлдем жұмыс жасай алмайтын "тобырмен" алысқа бара алмайсыз. "Жүрдім-бардым, ұйқылы-ояу" жүріп, өзіндік қосар ойларымен жеке ынтасы болмаса, аяққа ілінген гир сияқты оларды сүйретіп қашанғы жүрмексіз. Осы Арыс оқиғасы басталған күні, қазіргі еріктілерді ұйымдастырып, дербес әрекеттеніп жатқан ынталыда жігерлі 10 жігіт болғанда жаныңызда, мынандай "берекетсіз" тірлік болмас еді.


Айналаңыздағы атқа мінерлеріңіз, тым құрығанда мыңдаған еріктілер "әскерін" бір орталыққа шоғырландырып, жүйелі жұмыс жасауға мүмкіндік беругеде шамалары келмедіғой. Әрбір 250 адамдық топтар өз-ара ұйымдасып, дербес қимылдап жатты. Кейде, бір көмек сұраған жандарға екі-үш топтан қатар келіп жатқан кездерімізде көп болды. Әркім дербес қимылдағансоң басқаша болуы мүмкін емес. "Атқамінерлеріңіздің" бар бітіргендері--- санаулы ғана оқырманы бар, мақтағыш журналист смақтарға бес-алты мақала жаздыртып, халықтың жасаған көмегін жарнамалау болды. Өздерінше халықты сендіріп отырмыз деп ойлайтын шығар. Бірақ, былайғы жұртқа бәрі жасандылық екені "көзге ұрып" тұр.


Өз басымыз жарылыс болған күннен бастап(әлі жарылыс болып жатқанына қарамастан), үш күнде үш рет бүткіл адамдар шоғырландырылған орталықтарды (Арыс қаласын қоса) түгелге жуық аралап шығып отырдық. Барлық мәселелерді көзімізбен көріп, қаладағылармен өзге аудандардағы еріктілермен хабар алмаса отырып, мәселені барынша шылдам шешуге тырысып отырдық. Арыс қаласынада үш рет кіріп, күніге жағдайды зерттеп видеоға түсіріп даурыққан халыққа нақты ақпараттар таратып, даурықпауға шақырып отырдық.


Сіздің айналаңыздағы атқа-мінерлеріңіздің ішінде, дәл осылай еріктілер сияқты жүгірген бір қысметкеріңіз болдыма?

Мен ондай адамды көрген жоқпын.


Осыдан 4 ай бұрын өзіңізге жазған ашық және тікелей почтамен жолдаған хатымда ескерткен болатынмын. "Жүрдім- бардым" жауап келген еді.


Енді....


Еліміздің басына түскен соңғы нәубетте, бәрінің денгейі белгілі болды. Олардың денгейі ары барса ауыл әкімшілігі.

Халықпен жұмысты үйлестіру қабілеттеріне НӨЛ деген баға беремін. Оны осы кезде өзіңізде сезіп жүрген боларсыз.


 Рустем Ашетаев

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1729    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 01.07.2019, 15:03

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Қыркүйек, 10:28
    Мейрамбек синдромы...
    3 Қыркүйек, 23:07
    Нағыз харами-поза
    2 Қыркүйек, 12:58
    «АНАНЫ ҚАРА, АНАЛИЗ!»
    1 Қыркүйек, 12:33
    Уақыт неткен қатал...
    20 Тамыз, 11:50
    Ислам және қисын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30