Сен тұр - мен айтайын!

Өстіп жүріп бабаларымыз сақтап қалған Мемлекеттің обалына қаламыз ғой

  • Өстіп жүріп бабаларымыз сақтап қалған Мемлекеттің обалына қаламыз ғой

    Өстіп жүріп бабаларымыз сақтап қалған Мемлекеттің обалына қаламыз ғой

ҚАЛАМ ИЕЛЕРІНЕ ХАТ немесе РУЛЫҚ МЕМЛЕКЕТ БОЛМАЙДЫ


Қазақтың түбіне рушылдығы жетеді. Мысалға, мен аядай ауылда Ақкісі, ауылдық округте Ожаң баласы, Қарқаралыда Қара, Қарағандыда Қаракесек, Астана яки басқа облыста Арғын болуға тиіспін. (Болмасаң да ен салып қояды. Өзім де соған қалай бой үйреткеніме таңмын.) Екі-ақ рет қазақ болдым. Татарстанға һәм Әзірбайжанға барғанда ғана Қазақ атаныппын. Бұл не сұмдық? Мен өстіп жүріп Қазақстанға, Мемлекетке қайтып қызмет етпекпін?
Жаңа Роллан Сейсембаев ағамыздың эссесін оқып жүрегім ауырды. Абайдың ұлы Тұрағұлға қойған ескерткішті Шымкенттегі әлдебір рушыл басшылар қиратып тастапты((( Бұл Абайдың ұлына жасалған қастық па, әлде ұлтына жасалған қастық па, өзіңіз бағамдаңыз.

Қазақ осы рушылдығынан, жүзшілдігінен көріп бақты ғой. Әбілқайыр мен Абылай хандардың қазақтың басын қосу мехнаты Шыңғыс ханның яки Білгенің исі түркінің басын қосудағы мехнатынан бір мысқал да кем емес. Бүгінгі қоғамда қазақты біріктіру тіпті қиын. Бұл бір жағы биліктің идеологиялық дәрменсіздігі болса, екінші айып бізде, яғни қалам иелерінде. Бүгінгі биліктің 50% өзінің қазақ екенін әрең таниды. Соған таланты асып туған біздің аға буын әріптестеріміз асқан шеберлікпен руын үйретіп, рушыл қылып қойды. Ділі орыс, тілі орыс неме артына қарамай рушыл. Біздің ағалар сол талантын бейбақ шенеунікті қазақ қылуға жұмсаса етті(((
Фейсбугтың бетін ашып қалсаңыз, Әсет Арғын, Әсет Керей, Әсет Албан, Әсет Адай (Әсетті мысалға алып отырмыз) т.б толып жатқан профильді көресіз. Ол неге керек? Әркім өз руынан шыққан батырды мадақтап әлек. Әу, көкелер, олар әлдеқашан рудың көлемінен шығып, қазақтың мақтанына айналған тұлғалар. Мысалға, Бөгенбайды, Қабанбайды, Наурызбайды меншіктеуге кім құқық берді? Олар ұлттың жеке меншігі.
Жыл сайын бір батыр жасап шығаратын фабрика рулар бар. Бұл руаралық бәсекенің нәтижесі. "Комплекс карлика" деген дүние. Қазақша танымға салсақ, ергежейлінің өзін зор көрсетуі. Рушыл қазақтың дерті осы. Өткеннен культ жасағанша өзің культқа айналсаңшы. Қазақта жаман ру жоқ. Әрқайсының тарихы мыңжылдықтан асады. Тіпті, үш жүздегі рулар кезіндегі бір ру. Тіпті оны ғылым да дәлелдеп қойған. Сонда да қоймай, кезіндегі әкімшілік бөліністен кіші отан жасап алдық. Отау ішінен отау тігіп. Енді оңамыз ба? Өстіп жүріп бабаларымыз жанын садаға етіп сақтап қалған Мемлекеттің обалына қаламыз ғой. Егер ертең өзгеге жем болар болсақ, менің арғын болғаным, сенің дулат болғаның, оның әлім болғаны кімге керек? Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев сыртқы саясатта мығым болуы үшін ішкі саясатты, уахабизм мен рушылдықтың күрмеуін шешпей болмайды. Осыны түсініп, шара қолданса екен. Мысалға Америкада я болмаса Еуропада, "сен рассистсің" деген сөзден өлердей қорқады. Бұл міне идеологияның жемісі. Бізге де осы идеология керек. Әйтпесе, ұзаққа бармаймыз. Іштен іриміз.
Төбеміздегі һақ Құдайға менің руымның, тіпті нәсілімнің маңызы жоқ. Жер шарындағы басқа ұлттардың да менің арғын екеніммен шаруасы жоқ. Кешегі бабаларымыз осыдан зардап шекті. Бүгінгі Қазақстанның аяғындағы кісен де осы. Енді ұрпағымыз зардап шекпесінші. Осы постты жазып отырғанда Алаштың біртуар ұлы Мұстафа Шоқайдың "Ағалар, қыпшақ деген ұлт жоқ, қазақ дейтін ғана ұлт бар" дегені ойға оралды. Осыдан асырып не айтайық?! Ұлы жүз дейтін ұлт жоқ. Орта жүз дейтін ұлт жоқ. Кіші жүз дейтін ұлт жоқ. "У ішсең руыңмен" дейтін рулық, тайпалық өмір сүру салты ескірген. Түбіңді таны, біл. Бірақ, бөлінбейікші. Қазақстанымыз аман болсын десек.
Мен бұны қалам иелеріне, ағаларыма, замандастарыма қарата айтып тұрмын. Құлданып кеткен шенеунікке, байшікешке рушылдықты үйреткен талант-қажырымызды ұлтты ұйыстыруға жұмсайықшы. Ұрпақтың көз жасынан қорқайық.


P.S Посттың қайбір жерлерінде ру аттарын әдейі бас әріппен жаздық. Екіншіден бұл менің рушылдық комплексінен арылуым деп білгейсіз. Әрбірден соң бұл хат өзіме бағышталған болуы бек мүмкін.

 

Janat Jańqashúly
Фейсбуктегі парақшасынан

 




Көрілген: 1228    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 09.09.2020, 10:27

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қазан, 02:26
    Бір түрлі елміз иа?
    20 Қазан, 10:36
    Әйел - әззәзіл ғой...
    30 Қыркүйек, 12:55
    Оздық па, тоздық па?!.

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31