Сен тұр - мен айтайын!

Өстіп жүріп «Боратқа» ренжиміз, ә?

  • Өстіп жүріп «Боратқа» ренжиміз, ә?

    Өстіп жүріп «Боратқа» ренжиміз, ә?

Өз ойы, өз танымы, өз көзқарасы бар бір азаматымыз әнеубір жылы пәтерінің балконына еліміздің Туын іліп қойып еді, құзырлы органдар "айыппұл саламыз" деп, әлгінің есін шығарды. Ол кезде 400 мың теңгеге жуық айыппұл мөлшері жалғыз айлықтан өзге табысы жоқ қарапайым адамға өте ауыр болатын.
Кейін ел-жұрт жігіттің әрекетінен ешқандай өрескелдік, бұзақылық, жаман пиғыл көрмегендерін айтып, жаппай наразы болған соң ғана "айыппұл" салғыш орган басшылары райларынан қайтып, іс насырға шаппай тұрғанда тыншыды әйтеуір.
Ел ішінде ерекше адамдар болады. Олар өз ойларының, өз еріктерінің құлы. Жүректері ұнатқан, көңілдері қалаған әртүрлі нәрселермен әуестенеді. Сол әуес істерінен көңілдері жай табады. Елдің еркін, ерікті азаматы екенін сезініп, жаны рахаттанады. Олар Заңдарда жазылған "өйтуге болмайды немесе бүйтуге тиым салынған" деген баптар мен тармақшаларды, сол Заңдардың орындалуын талап ететін құзырлы кабинеттердегі қатаң тәртіпті біле бермейді.
Жақында елімізде Қоқиқаздарға байланысты тағы бір "ыңғайсыз" оқиға болды.
«Ыңғайсыз» дейтінім, ел ішіндегі ерекше жаралған тағы бір азамат Қоқиқаздарды бейнетаспаға түсірем деп басы бәлеге қала жаздады.
Тағы да "айыппұлмен" қорқытып-үркіту басталды. Ал ол аспанда әулеп бара жатқан немесе айдынға қонуға ыңғайланып жербауырлап ұшып келе жатқан құстарды кез келген адам суретке түсіріп, бейнетаспаға жаза беруіне болады деген еркін ойдың жетегінде жүрген адам еді. Экология жөніндегі министрліктің бар екенін білсе білер, бірақ сол мекеме басшылыққа алып жұмыс істейтін Заңдарды, баптарды, тармақшаларды біле бермеуі мүмкін.
Елден елге, жерден жерге көшіп-қонып жүрген Қоқиқаздардың "иелері" - Экология министрлігі екен, ендеше олар неге Қоқиқаздар қонатын, ұшатын айдындардың маңайына ескерту жазып қоймайды? Неге суретке түсіруге, бейнетаспа жасауға болмайтын мемлекет қорғауындағы қорықтарды көздерінің қарашығындай сақтамайды? «Жоқ, біз қорықтарымыздың әр метрін көзіміздің қарашығындай қорғаймыз» десе, Азамат атты әлгі азамат бейнекамерасымен, дронымен ол жерге қалай өтіп кетіп жүр? Мәселені оқиға болмай тұрып неге алдын алмасқа? «Борат-1», «Борат-2» деген фильмсымақтарға «азық» болуға әкеліп соқтыратын осындай орынсыз әңгімені орынсыз жерде көтеріп, өнбейтін дауды қуу кімге керек, кімге абырой әпереді осы?
Бейнебаян (видеоролик) жарияланып, жұрт назарына ұсынылып кеткен екен, ендеше оның ел-жұртымызды (мемелекетімізді, үкіметімізді) әлем халқы алдында ұятқа қалдырмайтын жағын ойлауы керек емес пе? Неге біздің министрліктер «жау» кеткен соң «Аттанға» басып, айғайлай береді осы?
Сол Қоқиқаздардың «келгені» мен «кеткенін» неге өздері елден бұрын (Азаматтан бұрын!) бейнебаянға түсіріп, неге елден бұрын жарияламайды? Экология министрлігінің қарамағында жер-жаһанға жарнамалайтын қаншама ғажайып қорықтар, қаншама сұлу табиғат, қанша жан-жануарлар бар! Соларды қазіргі газет-журналдар мен теледидарлардан анағұрлым жылдам, таралым ауқымы да алабөтен көп әлеуметтік желілер арқылы неге ай сайын көрсетіп отырмайды?
Министрліктің міндеті «айып» салу мен «айдап әкел» ғана емес шығар?
Мына «қызықты» қараңыздар...
Біздің елде Қоқиқаздар «түсіріліміне» байланысты «өйтуге болмайды» немесе «өйткені оның анандай жағы бар» деген "жұмыстар" жүріп жатқан кезде, АҚШ-тың АВС телеарнасы Қазақстан азаматы Азамат Сәрсенбаев түсірген Қоқиқаздарды жер-жаһанға сүйсіне таратып жіберді.
Ау, солардан бұрын өзіміз неге сүйтпедік, а?
Енді АВС телекомпаниясы "қаламақы төлейміз" деп алда-жалда Азамат Сәрсенбаевты «іздей» қалса, «Жоқ, ол заңсыз» дейтін тағы бір министрлік шықпасын деңіз...
Өстіп жүріп «Боратқа» ренжиміз, ә?

Көсемәлі Сәттібайұлы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1035    Пікірлер: 0

бейсенбі, 19.11.2020, 10:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қараша, 15:17
    Бастық Құдай ма?
    8 Қараша, 13:13
    Қыз баланың қадірі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31