Сен тұр - мен айтайын!

Өстіп отырып онлайн сабақ өткізгіміз келеді. Сонда біз кімді алдап отырмыз

  • Өстіп отырып онлайн сабақ өткізгіміз келеді. Сонда біз кімді алдап отырмыз

    Өстіп отырып онлайн сабақ өткізгіміз келеді. Сонда біз кімді алдап отырмыз

Осы ауылдың әкімі мен сияқтымын, басқа емес. Келген сайын ауылдастардың шағымын естимін. Былтырғы жолдың дауын білесіздер осы фб-да қып-қызыл әңгіме болған. Бұл проблемаларды мен білмейді емес, білем. Қал-қадерім жеткенше айтатын жерде айтып та, жазып та келе жатырмын. Таяуда бір журналист бауырым келіп тұрып, ауылдарыңыз тамаша екен деп маған "отчет" та беріп кетті. Бәрі тамаша болса, ауылдас ағайын маған шағымын айта ма? Өткенде Қазақстандағы бәлен жүз елді-мекенге интернет желісі тартылатын бопты деп тізім шыққанда, соның ішінен Келдімұраттың атын таба алмай әбден пұшайман болып едім. Сөйтсем, біздің ауылға Қазақтелеком интернет желісін тартып тастапты (оны өз көзіммен ауылды аралап жүріп көрдім) Бірақ ол дәл қазір мектеп пен әкімдік ғимаратын ғана қамтамасыз ететін көрінеді. Бүкіл республика аумағын дерт меңдеп, жұрттың бәрі онлайн арқылы жұмыс істеуге кіріскен уақытта, ауыл тұрғындарының интернет қызметіне көңіл толмауы заңды құбылыс. Олардың сөзінен түсінгенім, ауылда екі оператор - Activ пен Tele2-нің вышкалары орнатылған. Бұрынғыдай емес, телефон қоңыраулары түседі (түспей қалатын кездері де жоқ емес), бірақ 3G деп көрсетілген интернет жылдамдығы 15 минуттық ролик түгілі, жіберілген суреттің өзін азар ашады. Оған ауылға келген өзімнің де көзім анық жетті. Мұндай жағдайда интернеттен жәй ғана бір мәлімет іздеудің өзі қаншалықты қиямет дүние екені айтпаса да түсінікті. Интернеттен бір нәрсе көру, керек дүниені жүктеу мүлде мүмкін емес. Өстіп отырып онлайн сабақ өткізгіміз келеді. Ауыл балаларынан жаһан жаңалықтарын білуді талап етеміз. Көзіқарақты пысық жұрт 5G-ға көшіп жатқанда "цифрлы" Қазақстанның біз интернетпен 100 пайыз қамтылғамыз дейтін ауылдары осындай күй кешіп жатыр. Осындай негативтерді жазғың келмейді-ақ, себебін де, салдарын да білесің өйткені. Тек өзіңді арқа тұтқан ағайыннан ұяласың. Солардың арзу-арманын аяқасты еткің келмейді. Ауыл тұрғындарының операторларға жазған өтінішіне келген жауапқа сенсек, жақын арада бұл мәселенің шешілмейтіні анық жазылған. Сонда біз кімді алдап отырмыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

Dauren Berikqazhyuly
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2260    Пікірлер: 0

сейсенбі, 11.08.2020, 10:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қыркүйек, 10:15
    Мұндай еркек мүлде жоқ...
    11 Қыркүйек, 13:08
    АҚЫН ЕМЕС, ҚАТЫН КЕРЕК...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30