Осы бізде кімнің жағдайы жақсы?!
Осы бізде кімнің жағдайы жақсы?!
 
Көп балалы отбасылар қиналып жүрсе, жағдайыңа қарамадың ба, баланы туа бермей-деп кіна артамыз...
 
Бір-екі баласы барларға, көп балалыларға жағдай жасайық, екі баланы асырай алмай не болды-дейміз. Жастар үйсіз жүрсе, әлі жас, бәрі бірден бола салмайды-деп жұбатамыз.. Үйсіз жүрген жасы  да келіп қалғандарға, ертерек, күш-қуат барда жағдайыңды жасамадың ба-деп сөгеміз... Дипломы жоқ қара дұмыс істеп жүргендерге-оқу керек еді-деп ақылгөйсиміз.. Дипломы бар жұмыссыз жүргендерге-несіне оқыдың уақыт кетіріп, одан да жұмыс істеуің керек еді-деп өкінішіне май тамызамыз... Бір айлыққа қарап отырғандарға, қосымша жұмыс істеуге болатынын айтып, жол көрсетеміз... Екі-үш жерде жұмыс жасайтындарға, денсаулық керек, ертең ауырсаң жиған-тергеніңнен не пайда-деп азғырамыз.
 
Сонда біз басқарусыз, заңы жоқ елде өмір сүріп отырғанымыз ба? Өкіметтің бір жасаған көмегін көріп қуанып жатсаң, сол көмектің далаға кеткені жайлы естіп жатамыз...
 
авторы Умит Ахтаева
 
 
 
Байсары Ахметжанов
Фейсбуктегі парақшасынан