Сен тұр - мен айтайын!

Осы халықтың айта алмай жүрген ақиқаты не?

  • Осы халықтың айта алмай жүрген ақиқаты не?

    Осы халықтың айта алмай жүрген ақиқаты не?


- Қызметің не?
- Журналист.
- Сендерге осы шындықты айтқызбайды ғой, ә... Айта алмайсыңдар... Қорқақсыңдар!

- Сізге қандай шындық керек? Бір-бірлеп айтыңыз. Сіз көтерген мәселені қанын сорғалатып жаза алмасам маған серт.
Әсілінде, бейтаныс адамдармен сөйлесе қалсам, шамамен осындай диолог өрбиді. Сосын «мына халықтың айта алмай жүрген ақиқаты не, осы?» деп ойлаймын. Бұл сұраққа жауап бермес бұрын, кеше «Дүниежүзілік баспасөз еркіндігі күні» өткенін хабарлай кетейін. «Ой, тағы нені шығардың?» дейтін шығарсыз. Қорықпаңыз, бұл қазақтардың ойлап тапқаны емес. БҰҰ Бас ассамблеясы 1993 жылдың мамыр айының 3-і күні «Дүниежүзілік баспасөз еркіндігі күні» деп жариялаған болатын. Сол 1993 жылдан бері осы күні сөз бостандығы, ой еркіндігі хақында әртүрлі пікірлер айтылып жатады. Мамандығым журналист болғаннан кейін, әдетте мұндай келелі әңгімелерге құлақ түреміз.
Сосын тағы да «бізде сөз бостандығы бар ма, жоқ па?» деп бас қатырасың. «Сендерге шындықты айтқызбайды ғой» дейтін халықтың пікірінше біз шамамен Солтүстік Кореяда өмір сүріп жүрміз. Іргедегі Қытай үшін (рас өтірігін сол жақтан келіп жатқан ағайындардан сұрарсыз) Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазаққа бар еркіндікті алып берген. «Қазақстанның ой еркіндігі Америкамен құйрық тістесіп қалған.
Қазақ «тілде сүйек, таста тамыр жоқ» демей ме? Сөз бостандығы деген меніңше, сол «сүйегі жоқ – тіл» секілді. Балықтай бұлтыңдап құйрығын ұстатпайды. Яғни, тас секілді тамырсыз пікіріңді қай жаққа лақтырсаң да, нысанаға дәл тигендей тарс ете түседі.
Менің он бес жылдық журналистік өмірімде көзім жеткені – халқың қандай болса, баспасөзің де сондай! Мәселен, әлеуметтік желілерді қараңыз, сайттарды ақтарыңыз. Ашық ойдың қазаны іспетті қыз-қыз қайнап жатады. Кей кездері байланыс баяулап қалады демесеңіз, заң аясында ойыңызды ашық айтуға толық мүмкіндік бар. Қарапайым халықтың жанайқайы айтылатын баспасөз саны да аз емес. Қазір азаматтық журналистиканың дәуірі басталды. Сіз тілші болмай-ақ, өзіңіз мәселе көтеріп, әлеуметтік желіге жүктеп, әділетсіздікпен күресуге бар мүмкіндік туды.
Сонда деймін-ау, халықтың айта алмай жүрген ақиқаты не?
Рас, мемлекеттік телеарна, газет-журналдардың дені министрліктен миллиондап ақша алады. Қазақстан бюджеті өз-өзін қаржыландыруға шамасы келмейтін, өнімін халыққа сата алмайтын қаншама баспасөз құралын тарих үшін, басқа үшін асырап отыр. Енді ондай басылымдар мемлекет саясатына басымдық беретіні рас қой. Сондықтан да, олар тікелей тапсырма болмаса да, сауысқаннан да сақ. Мемлекет идеологиясына томпақтау келеді-ау деген деректің бәрін қағып тастап отырады.
Оған енді кімді кінәлайсыз? Қош! Қай тарапқа ыңғай танытсаңыз да таразының басы тең түсетін заман туды. Яғни, «сөз бостандығы», «ой еркіндігі» мәселесінде кешегі Назарбаев дәуірі «ұзын арқан, кең тұсау» жасап бергенін мойындауымыз керек.
Әркімнің өз ақиқаты бар. Бірақ, шындық көп қой.

Қанат Әбілқайыр
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1116    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 04.05.2020, 13:16

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31