Күршімде шүршіт қаптап жүр деген сөз қаптаған соң, сол өңірді аралап қайттық. Теректі, Ақбұлақ, Қалжырда болдық, тау-тасты араладық, шүршітті көрмедік. Олармен жұмыс істейді деген серіктестікте жоқ.
Дегенмен, бұл жақта басқа мәселе, проблема бар. Көптеген ұсақ фирмалар бағалы заттарды барлауға рұқсат алып, бағалы заттарды /алтынды/ игерумен айналысып жатқан көрінеді. Халық арасында осындай әңгіме өте көп. Ең сорақысы, жуынды материалдарының ішіндегі улы химикаттар Қалжыр өзеніне төгіліп жатыр дейді жергілікті тұрғындар. Қалжыр өзенінің фаунасына қауіп төніп тұр деген сөз.
Осы мәселені құзырлы органдардың жан-жақты тексеру қажеттігі туып тұрғандығы анық.
Марқакөл мен Қалжырдың қайталанбас табиғатын сақтап қалу ұрпақтар алдындағы міндет және парыз!
Erlan Sairov
Фейсбуктегі парақшасынан