«Осылардың жұмысы зуммен, свет өшіру ғана ма» деп қаласың...

04 тамыз 2021, 10:04

Іле ауданы, Байсерке ауылдық әкімдігінің Қоянқұстың светін өшіргеннен басқа жұмысы жоқ. Бүгін міне таңғы сегізден бастап свет жоқ, ертең тағы солай дейді. Жолымыз бен суымыз жайлы әңгіме айтпай-ақ та қоялық. Әкім ПЗД-ға енгіздік,-дегелі үш жылдың жүзі болды. Әлі жүрміз өркениетке жете алмай. Ауыл әкімдігінен пайда болмаған соң, аудан әкімі Қарасаевқа кірдік, облыс әкімі Амандық Баталовқа хат жолдадық. Телевидение де шақырдық. Бір қорытынды шыққан жоқ. Басқа жұмыстары жоқ. Тек светті тәуліктеп өшіруді біледі болды. Ауыл әкіміне телефон шалсаң алмайды. Үнемі «зумда отырады, болмаса жиналыста отырады». «Осылардың жұмысы зуммен, свет өшіру ғана ма» деп қаласың. Міне, біздің еститін үкімет, әй, риза болам бар ғой. Дауа жоқ бұларға.

Карлыгаш Зарыкхановна

Фейсбуктегі парақшасынан