Сен тұр - мен айтайын!

Осылай шашылып жүре берсек, бар құндылықтан айрылып қалатын түріміз бар

  • Осылай шашылып жүре берсек, бар құндылықтан айрылып қалатын түріміз бар

    Осылай шашылып жүре берсек, бар құндылықтан айрылып қалатын түріміз бар

Осы орыстарға риза боламын. Қай жағынан болсын орыс ұлтының абыройын, ар-ожданын ойлап, асқақтағанын қалайды. Көпұлтты ел, көп мемлекетті федерация болса да. Кейде асыра сілтеп жіберетіні болмаса. Сонау бір кездері арийліктер орыстар деп еді. Үндеген жоқпыз. Мүмкін, болсын дедік. Қытай қорғанын орыстар салды деді. Оған да көндік. Салса салған шығар, кім қорған салмай жатыр дедік. Енді "Татар-моңғолдар қай тілде сөйлеген? (іштеріңіз сезіп отырған шығар)" деп сұрақ қойыпты. "Темірлан кім болған: өзбек, моңғол, орыс?", бұл да қызық сұрақ. "Батя мен Батый, бір түбірлі сөз бе, әлде екеуінің мағынасы бір ме? (онда Мамайдың түбірі "мама" шығар?)" дейді.
Көзі қарақты адам түсініп отырған шығар. Бұл бүкіл орыс халқының көзқарасын білдірмейтін шығар, бірақ бекер жазылып, сызылып жатқан жоқ қой. Бірақ осы көзқарасқа біздің кейбір орыстілді ағайындар құдайдай сене ме деп қорқамын. Бір жақсы інім бар. Білімді. Орысша оқыған, Ресейде. Кез келген нәрсеге әлемдік ыңғайдан келеді. Осы орыстар секілді ұлттық тұрғыдан емес. Соған қарап айтып жатқаным ғой.
Ал біз өз бауырларымыздан етіміз жиырылып, құшағымызға алуға арланамыз. "Шыңғыс ханның түбі - түркі" десең, "ой қойшы, ол жауыз ғой. Одан да барыңды түгендеп алсаңшы" дейтін "прогресшіл" ағайындар бар. Ау, айналайын-ау, арғы жағын айтпай-ақ қояйық, салыстырмалы түрде бергі Наполеоның да, Суворовың да, Кутузовың да халықты қынадай қырған қой. Олардан француздар да, орыстар да атбасын алып қашып жатқан жоқ, қайта мақтан тұтады. Мына өзбек бауырлардан үйренеріміз көп. Бір ұшы өзбекке сілтеп тұрса болды, тартып ала қояды. Айтпағым, барымызды бағалай білейікші, осылай шашылып жүре берсек, бар құндылықтан айрылып қалатын түріміз бар.

 


Дурәлі Дүйсебай
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 904    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 18.05.2020, 17:05

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30