Сен тұр - мен айтайын!

Осындай ТОПАСТЫҚТЫ қашан қоямыз?

  • Осындай ТОПАСТЫҚТЫ қашан қоямыз?

    Осындай ТОПАСТЫҚТЫ қашан қоямыз?

Тағы бір ТОПАСТЫҚ туралы айтып кетпеске болмай тұр. Қазір бір жерден бір крутой мектеп ашылды десе болды, ата-ана баласын сонда ала жүгіреді. Бар танысын, беделін салып сол мектепке орналастырады. Ол бала онда оқығысы келе ме, келмей ме, ол мектеп жақын ба, алыс па, оған қарамайды. Өйткені баласы осы крутой мектепті бітірсе, сұмдық бір университетке түседі, сосын бір сұмдық жерге, сұмдық қызметке тұрады. Бар болғаны сол ғана!
Онда тұрған не бар дейсіз ғой?! Әрине, адам өз білгенін істейді ғой. Бірақ басқаларға зиян тигізбей өз жөнімен неге жүрмейді? Мәселе сонда!
Мысалға деп айтсам, менің үйімнің жанында жырлап жүріп әрең дегенде 7 млрд-қа мектеп салынды. БИНОМ деп аталады. Опшм, атағы жер жаратын керемет мектеп болады деп жатыр. Оның атағы сол бізге, жергілікті тұрғындарға, зиянын тигізіп жатыр. Қалай дерсіз...
Біріншіден, сол маңайдың баласына орын жетпейді. Өйткені, сол атақты мектепке қаланың мүлдем басқа бөлігінде тұратын ығайлар мен сығайлар балаларын әкеліп тығып тастады. Талай жыл әр баланы айдаладағы әр мектепке тасу бізге оңай болмады. Енді, міне мектеп салынды-ау дегенде орын жетпей жатыр. 2000 балаға арналған орында 4000-нан астам бала оқиды. Түстен кейін оқитындар кешке кеш қайтады сабақтан. Енді сенбі күні сабақ болады деген әңгіме шығып жатыр. Бәрі сол баланың көптігінен болып жатқан себеп-салдар. Шынын айтқанда 6 күндік сабақ немесе 6 күндік жұмыс күні деген анау сәбет заманынан қалған тупизм ғой! Басқа ештеңе емес! Сол тупизмге қайта келіп жатырмыз.
Екіншіден, балалар сабаққа баратын немесе қайтатын кезде мектеп айналасына мәшне толып, кептеліс болып кетеді. Онда тұрған не бар дейсіз бе? Сол ғой, жаңағы топастар анау жердің түбінен баласын осы жаққа мәшнемен әкеледі. Ондайлар жеткілікті. Оны сол таңертеңгі мәшне санынан көруге болады. Сол кептеліс кесірінен осы жердегі адамдар мәшнесімен өз ауласынан шыға алмай қалады. Бұған дейін ондай болмаған еді. Ол ол ма, жаңағы бала әкелетін мәшнелер кесірінен аялдамадағы автобустар орнынан қозғала алмай қалады. Ал, таңертең жұмысқа асыққан адам үшін әр минут қымбат екенін білесіз.
Осындай ТОПАСТЫҚТЫ қашан қоямыз?

Serikkazy Kokenai

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1184    Пікірлер: 0

сейсенбі, 14.09.2021, 13:22

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Қыркүйек, 00:33
    Алматинский стрелок-3
    14 Тамыз, 21:44
    Қызық, ә...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30