Отанды қорғау былай басталады...
Кейде отырып ап, Отан қорғаймыз, болмаса қорғадық деп міндетсіп сандырақтайтындар шығыпты. Соларға айтпағым. Отанды қорғау былай басталады:
1. Әке шешеңді сыйла (қарттар үйін ойлама). Қазақша сөйле.
2. Алдыңа ұлтыңа зияны тимейтіндей мақсат қой. Білім жина.
3. Үйлен.
5. Күні-түні еңбектен. Еңбек түбі жеңбек.
6. Ұрпағыңды оқыт. Шәкірт тәрбиеле.
7. Бала асырап ал. Қазақша тәрбиеле.
8. Пара алма. Пара берме!
9. Руға, жерге бөлінбе. ФБ-дан іріткі салма.
10. Уақыттың қадірін біл. Ол тез өтеді.
Егер осы ұстанымдарды ғана түгел қадағалай алсаң ұстыңды біраз қауіптен қорғайтын боласың. Осылай алдыңа мақсат қой да соған пақырлықпен жұмыс істе! Арманың орындалады. Елдігіміз нығаяды!!
Алмас Мұстафа
Facebook-тегі парақшасынан
Жұлдыз
Радиосы