Отанымды өзім-ақ қорғаймын!

09 мамыр 2022, 10:22

ӘСКЕРИ ЖІГІТКЕ ТҰРМЫСҚА ШЫҚТЫМ...
Менің пайымымда мені қорғайтын, қамқоршым болатын ең мықты адам — ОТАН ҚОРҒАУШЫ болған ғой))).
Сөйтіп, бір шаңырақ астында күн кеше бастадық. Жігітім ұйқыдан ояна салысымен бір музыка қойып қояды. Мен жұмысқа жиналып жүріп оның қандай әуен екеніне еш назар аудармаппын. Әйтеуір, хор орындайды.
Демалыс күні әлгі әнді зейін қойып тыңдап көрдім:
"Союююююз нерушимый республик свободных
Сплотила навеки Великая Русь..."
Ощщщщ... Щолпаааааан! Не дид?! Союзі несі мынаның?
Күйеуім (бұрынғы) таңғы шәйға отырды. Ішіп болған соң:
— Осы сен неге Союздің гимін қойып қоясың? — дедім.
— Советский союз жақсы еді ғой...
— Несі жақсы еді?
— Курортқа жіберетін, пәтер беретін...
— Саған не әке-шешеңе Советский Союзің пәтер берді ме?
— Жоқ!
— Курортқа ата-анаңды жіберді ме?
— Жоқ!
— Онда Советский Союзіңнің несі жақсы? Пәтер берсе, өз орыстарына берді. Демалса, орыстар демалды. Қазақтар мал бағып, далада жүрді... Енді айтшы, қазір сен қай мемлекетте тұрасың?
— Қазақстанда!
— Қай елді қорғамақсың?
— Қазақстанды!
— Айлықты да, баспананы да Қазақстан беріп отыр... Мен де қазаққа тұрмысқа шыққам... Союздің гимнімен оянғым келсе Саша, Игорге тиер ем... Қазақ болуға намыстансаң, кете бер, мен қазақ болып қалам!
Әңгіме бітті... Бір апта сөйлеспедік. Тымырайып жүре бердім. Таңертең ешқандай музыка қойылмайтын болды. Келесі демалыста:
"Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы.
Думанды бастаған,
Далама қарашы", — деп оятты ғой ...
Мұны не үшін жазып отырмын... Әлгі Путинмен қорқытатын қатынның күйеуі елді қорғап қарық қылмайды. Мақалшы министрі ондай өкпешілдерді "көшіре" салу керек. Өзі көшіп кетсе де көңілім баяғыдай!
Үкімет басқасы басқа, әскерилерді жерге қаратып отырған жоқ. Компенсациясын былай беріп отыр. Көпшілігі пәтер сатып алып, оны туысына жаздырып, компенсацияны қосып алып отыр. Тек бір отбасына орта есеппен 200.000 теңге пәтерақы төленеді, айлықтан бөлек. Көлік жүргізушісінің өзі 150.000 теңгеден кем алмайтын шығар?! Майор, подполковниктер 400-800.000 тг айлық алады.
Әскерилердің қатындары! Байларың қазақ әскерінің офицері ме — қазақша сөйлеңдер! "Ана тілі" деп не үшін айтады? Сен — Анасың, анасы қазақша сөйлеген бала да қазақша сөйлейді. Отан қорғаушы деген — шекеара күзетіп, әскери жаттығу өткізіп, бір сутка нарядта тұратын адам емес. Отан қорғаушы — ОТАННЫҢ тілін, дәстүрін, халқын қорғаушы. Осы үшеуі болмаса, сенің байың да ешкім емес. Қытай — тіпті өзге ұлт өкілдерін әскерге алмайды да...
Жиенім өзбектің қызын алды. Келіннің анасы қазақ. Келініміз қазақша сөйлейді. Қазақтан еш айыра алмайсың. Ұлтты ұлт ететін — тілі. Сондықтан, қойындарыңда жатқан байларыңның тілі мен ойын қазақыландырыңдар! Өйтпейді екенсіңдер, "көшіп кетіңдер"!
Отанымды өзім-ақ қорғаймын!
Мереке құтты болсын, ҚАЗАҚИЯМДЫ ҚОРҒАУШЫЛАР!
Айтпақшы, бұрынғы күйеуім менімен қазір де қазақша сөйлесуге тырысады))). Соңғы рет Алдиярға келгенде "Украина жеңсін деп тіле" деп құлағына құйып жібергенсің ғой, ендігі біреудің байының. 

facebook.com парақшасынан