Сен тұр - мен айтайын!

Отаршылдыққа қарсы күрескен қазақ көсемін ұрпағы осылай төмендеткені жарамады

  • Отаршылдыққа қарсы күрескен қазақ көсемін ұрпағы осылай төмендеткені жарамады

    Отаршылдыққа қарсы күрескен қазақ көсемін ұрпағы осылай төмендеткені жарамады

"Мәссаған" мода болыпты...

Тарихи әңгіме оқысам, естісем ұйып қалатын әдетім бар. Жаңа кеште 101.4 радиосынан Марал ишан жайлы хабар берді. Шақырған қонақтары шежіре адам екен, ( есімі Бекарыс-ау деймін) ишанның Керей, оның ішінде Ақсары екенін айтып тарқата бастап еді журналист жігіт "Мәссаған!" деп бір таңданды. Одан кейін: Кешкі шоуда музыка уақыты, сосын жалғаймыз,- деп бөліп тастады. Одан музыка бітіп еді сөзге жүргізуші қыз араласып: Не айтып жатыр едік? -деді. Мейман өзі іліп әкетіп, Марал ишанның орыс отаршылдығына қарсы күресі жайлы айта бастап еді журналист жігітіміз "Мәс-с-аған, мәссағандап" қайта-қайта тамсанды. Одан кейін Кешкі шоуда музыка, одан кейін реклама, одан кейін "Қасиетті аса таяғы туралы айтыңызшы?" - деп жалғыз сұрақ қойып аңызға тартты. Қонақ ишан бастаған көтеріліс, оның Кенесарымен одақтасуы туралы айта бастап еді аузына аңыз тықпалады. Ақыры ұрпақтарын тізіп берді, кенжесінің есімі Тышақбай болған дегені сол еді "шоумендер" жамырай күлді. Қонақ аз жөткірініп "ол бала көп ұзамай шетінеп кеткен" - деді...

-ә-ә...

- і-і-і..

Жалпы, қазақ көтерілісі осындай "шоудың" тақырыбы ма, бәленше бабаңа қырылған деп жатса тоқтатып ырбақай музыка тыңдату жөн бе? Меніңше нағыз "мәссаған!" осы. Жүргізуші қыз-жігіттің тақырыптан нөл екені "а-аа", "іі-і", "е-е" дегеннен аса алмағанынан байқалып тұр. Орыс отаршылдығына қарсы отыз жылдай күрескен, ресейлік тыңшылар "лжепророк", "святоша" деп талай дерегінде кемсіткен қазақ көсемін ұрпағы осылай төмендеткені жарамады. Уот саған, мәссаған.


Serik Abikenuly

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2444    Пікірлер: 0

жұма, 15.11.2019, 12:15

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31