Сен тұр - мен айтайын!

Өтірік ешқандай ауру жоқ дегендерді тірідей көрсеңдер шашын жұлыңдар...

  • Өтірік ешқандай ауру жоқ дегендерді тірідей көрсеңдер шашын жұлыңдар...

    Өтірік ешқандай ауру жоқ дегендерді тірідей көрсеңдер шашын жұлыңдар...

Бүгін екінші күн Түркістан аудандық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімшесін де жатырмын.

Басы өткен аптада басталған болатын. Өз емханамызға барсам анализдер алып, дене қызуымды тексеріп ( 37,2) болып тұр екен. Температурамен тек инфекционныйға алады. Жоғарыдан бұйрық солай деді. Оған барғыңыз келмесе үйден емделіп көріңіз деген соң жеке укол салатындардан үш күн ем қабылдадым. Болмады. Өкпемді ренгенге түсірсек пневмония екенім анықталды. Сонымен алдыңғы күні түнде осы жерге алып келді. Бұл жерде тап соғыс кезіндегідей жақдай. Қорқынышты! Барлық бөлмелер, коридорларға кушеткалар қойылған жерге матрастар төселген. Ыңырсып жатқан бір адам. Бәрінің аузында оттегі маскасы. Дәрі жоқ. Өзің сатып алып келесің. Кеше Ковид 19 сынама алды. Біреу міреу келіп "сізді короновируспен ауырады деп жазайық , сосын бесжүз мың аласыз" деп айта ма деп әбден күттім. Осы жұртқа ондай бақ қалай бұйыра салатынын білмеймін?! 25 адамдық бөлім де 75 адам жатырмыз. Дәрігерлердің еңбегі ерен. Биліктің айтқанына сеніп қан сиіп жүрсіңдер ме, өтірік ешқандай ауру жоқ дегендерді тірідей көрсеңдер шашын жұлыңдар. Көп адам осы жерге келуден қорқып үйлерінен ем қабылдап ауруларын асқындырып алуда. Ағайындар! Сақ болыңыздар! Температура пайда болса бірден дәрігерге қаралыңыздар. Ауырмаңыздар, ауырмайық! Арамыздан провакаторларды қуайық. Сосын таң қалатыным сынама (тест) алатын кезде короновирус жұқтырып кетеді деген бредтер интернетте толып жүр. Менен кәдімгі құлақ шұқитын мен мұрнымнан аузымнан мазок алды. Сонымен болды. Сондықтан ойланайық ағайын!

 

Абдірейім Өміров
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 941    Пікірлер: 0

жұма, 19.06.2020, 09:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31