Сен тұр - мен айтайын!

Отыз жылда қазақша отыз ауыз сөз үйренбегендер бірнеше миллионнан асып кетеді

  • Отыз жылда қазақша отыз ауыз сөз үйренбегендер бірнеше миллионнан асып кетеді

    Отыз жылда қазақша отыз ауыз сөз үйренбегендер бірнеше миллионнан асып кетеді

ТҮРКИЯҒА ЖҰМЫСҚА БАРҒАНДАР ТҮРІК ТІЛІН ҮШ АЙДА ҮЙРЕНІП АЛАДЫ


Осыдан екі-үш жыл бұрын Түркияға барғаным есіме түсіп отыр. Кішкентай қызым бассейнге шомылуға қорыққан соң, жүзуді білмейтін балаларға қарайтын қызметші келіншекке тапсырдық.
Оның міндеті майда балаларға қарау, ойнату екен. Осы еңбегі үшін әжептеуір айлық алады.
Менімен орысша сөйлесіп тұрған соң қайдан екенін сұрадым. Сөйтсем, Сібір жақтан кепті. Ә дегенде демалуға келген. Сосын осында қалып, жұмыс істеуге ойы кеткен.
-Тілді қайттің? Бұл жақтың грегі де, күрдісі де, әзірбайжаны да, басқасы да тек қана түрік тілінде сөйлейді ғой, - десем:
-Түрік тілін үйреніп алдым, - деп тұр.
Таңғалдым.
Таңғалатыным, біздің елде тәуелсіздіктің отыз жылында отыз ауыз сөз үйреніп, отыз ауыз сөз айта алмайтындар бірнеше миллиондардан асып кетеді.
Ал мына Сібірден жұмыс іздеп Түркия асқан орыс келіншегі болса Түрік елінің мемлекеттік тілін үш айдың ішінде үйреніп алған.
Үш айдың ішінде!
Отыз жыл емес, үш-ақ ай!
Демек, өмір сүруің үшін, нан тауып жеуің үшін өзіңе қажет тілді қиналсаң да тез арада үйреніп алуға болады екен.
Белгілі тележүргізуші Анна Данченконың бүгінгі:
-... Пора, наверное, лишить русский язык официального статуса Этот статус плодит гигантское количество противоречий. К примеру, если бы я была человеком, не знающим казахского языка, я бы стала учить его с целью выживания. Если бы по закону меня обязали знать язык, мне бы пришлось выучить. Чтобы выжить. Работать. Социализироваться.
К примеру, можно урезать зарплаты тем, кто не знает казахский язык. На 30 %.
При таких строгих условиях и законах, самый ленивый начнет учиться.
Никто не хочет сокращения зарплат. Любой работник будет изучать язык. Деньги на дороге не валяются.
Люди &ndash ленивые создания от природы. Пока не припрет, они двигаться не будут. Если бы мы подошли строго к вопросу изучения казахского языка, общество бы изменилось.
Нужно чтобы законы работали наразвитие языка и повышение его статуса. Человек движется в том или ином направлении, из страха. Или из выгоды..."  деген сөздері, Түркия курорттарының біріндегі туристердің балаларына күтуші боп жұмыс істеу үшін үш айда түрік тілін үйреніп алғанын айтқан орыс келіншегінің жанкештілігін есіме түсіріп жіберді.
Шынында, егер біз қазақ тілінің барша қазақстандықтардың өмір сүруі үшін қажетті тіл болғанын қаласақ, онда қоғамдық орындарда қазақстандықтардың бір-бірімен екі тілде ұғысып, мекемелерде, кәсіпорындарда іс-қағаздарының екі тілде жүргізілу жағдайын бірте-бірте, кезең-кезеңімен (бірден, бір күнде деп айтпаймын!) тоқтатылуын заң жүзінде бекітіп алуымыз керек.

Көсемәлі Сәттібайұлы
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1296    Пікірлер: 0

жұма, 02.10.2020, 10:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қараша, 15:17
    Бастық Құдай ма?
    8 Қараша, 13:13
    Қыз баланың қадірі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31