Отыз жылда не экономиканы не саясатты оңдырмаптық

26 қыркүйек 2022, 14:06

Алдымен экономика, саясат потом деп жүріп жеткен жетістігіміз осы. Көлікті кезекпен, қантты қырылып жүріп алатын жағдайға жеттік. Отыз жылда не экономиканы не саясатты оңдырмаптық. Енді сначала саясат, сосын экономика деген қағидаға көшу керек.

 

Осы бағыттың алғашқы қадамын жасап та жатырмыз. Жердің асты мен үстіндегі қазба байлық халыққа тиесілі деген баптың ата заңға енгізілуі соның айғағы. Мұнай мен газды, көмір мен темірді, алтын мен күмісті, уран мен мырыштың қызығын санаулы топ көріп келіп еді. Енді 18 жасқа дейінгі барлық бала несібесін тең бөліп алады.  Реформа деген осы.

 

Он жылға арналған орындалмайтын талай жоспарды көрдік қой. Қазақстан-2020, Қазақстан-2030, Қазақстан-2050 деген популистік стартегия тек қағаз жүзінде қалды. Ал, қазіргі Президент қысқа мерзімде жүзеге асырылатын, реалистік жоспарларын ұсынып отыр. Тіпті Мемлекет басшысы бір мерзімге жеті жылға ғана сайланады дегеннің өзі  үлкен міндет жүктейді. Президент болған адамда енді екінші шанс болмайды. Елге, жерге, халыққа жаны ашыса жақсылығын жеті жылда көрсетіп үлгеруі керек. Бұрынғыдай тағы бір мерзімге сайланып аламын ғой деген есекдәме ешкімде болмайды.

 

Сондықтан бәрін жоққа шығара бермей, өзгерістің орнай бастағанын мойындайық.  Әлі де әлем өзгеріп, аузымыз аққа ілігіп, жырғап жатырмыз деуден аулақпын. Бірақ халықтың әл-ауқатын арттыруға, билік тармақтарын бір адамның уысынан алып, әртараптандыруға бағытталған бастамалар айтылды, айқындалды. Осының бәрін енді сәтті жүзеге асырсақ, етек-жеңіміз бір жиылып қалар еді.

 

Енді екі айдан кейін сайлау. 20-қарашада бәріміз дауыс беруге барайық. Саяси сауатты, белсенді болайық. Бюллетендегі  бәріне қарсымын (бұл да жаңа саяси реформаның бір көрінісі) деген нұсқаны таңдасаңыз да дауыс беру құқыңызды пайдаланыңыз. Отыз жыл бойы ұрлатып келген дауысыңыз енді өзіңізге тиесілі болсын.

 

 

 

  Диас Нұрақын

Фейсбуктегі парақшсынан