Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Ой, бізге орысша сөйлейтін маман керек дейді сызылып

04 тамыз 2022, 15:32

Бүгін бір телеарна (Qazaqstan емес) хабарласады, құстардан тарайтын аурулар туралы сізден интервью алайын деп едік деп. Жақсы деп, уақыты мен орнын келісіп жатып, сөз арасында:

 

- Мен қазақша ғана сұхбат бере алатын едім, - деймін жұқалап. Сөйтсем:

 

- Ой, бізге орысша сөйлейтін маман керек дейді сызылып.

 

Қазақша ғылыми тақырыптарға сұраныс жоқ па, әлде телеарнаның ұстанымы сондай ма, түсінбедім.

 

Айтпақшы, алдында біраз адам құстарды зерттеп жүргенімізді естіп, "еріккен екенсің" деп прикол ұстап күлген.

 

Жай, есіме түсіп кетті

 

 

Бекжан Бердіқұл

Фейсбуктегі парақшасынан