Сен тұр - мен айтайын!

Ой, қандай қиын кезең күтіп тұр, адамзат баласын! Қиын!

  • Ой, қандай қиын кезең күтіп тұр, адамзат баласын! Қиын!

    Ой, қандай қиын кезең күтіп тұр, адамзат баласын! Қиын!

 Əлем өте тез жылдамдықпен дамып барады. Осылай кете берсе, енді бір 15-20 жылдан кейін мамандық атаулының керегі болмай қалады-ау! Біз жүрміз, білім беру жүйесін қалай реформалаудың амалын таппай, дай-дай болып дауласып.
Өзіңіз ойлап қараңызшы, балаларды онлайн оқытудың түпкі себебі не? Қытайвирус дегенің əшейін бергі жағы, сенімді сылтау ғана ма деймін. Болашақта мұғалім мамандығының керегі болмай қалса, таңдануға болмас. Бəрі белгілі алгоритм бойынша робот-мұғалімнің көмегімен жүзеге асырылуы əбден мүмкін. Қазіргі онлайн оқыту осыған жасалынып жатқан репетиция емес деп көріңізші. Біліміңізді жетілдіргіңіз келе ме, осы үрдіске ден қоясыз. Қажет емес десеңіз, өз еркіңіз. Онда өмірдің ағымына ілесуден, лайықты өмір сүру мүмкіншілігінен тыс қаласыз.
Дəрігер мамандығы да қажетсіз болып қалуы ғажап емес. Өтірік пе, адамның миына компьютер ота жасайтын болғалы қашан! Əуелде гамма пышақпен жасаушы еді. Соның өзі баяғыда ескіріп қалды. Орнын кибер пышақ алмастырды.
Ең тəжірибелі деген дəрігердің өзі сырқаттың диагнозын анықтағанда 10 пайызға қателеседі екен. Ал компьютердің жаңылысуы екіталай. Демек, терапевтің де керегі шамалы.

Болашақта бір айтишник адам ағзасының əр бөлігіне массаж жасайтын программа жасап шығарары анық. Келесіз. Кушеткаға жатасыз. Түймені басасыз. Робот-массажист алгоритм бойынша қалаған жеріңізді қатырып тұрып уқалап береді. Жарай ма? Жарайды! Айлық төлеп массажист ұстаудың көк тиынға қажеті жоқ.
Осы күні үй тазалайтын робот шығарылды. Онсыз да ыдысты машина жуады. Кірді де жуып, құрғатып, үтіктеп береді. Ендеше менің үйіме келіп, үй шаруасына қолқабыс тигізіп жүрген Жəмила да таяу жылдары жұмыссыз қалады деген сөз.
Машина екеш машинаға дейін робот құрастырып жатқанда, базардағы тачка сүйреу жұмысын автоматтандыру қиын болып па? Қазақ жігіттерінің негізгі "мамандығы" - күзетшінің шаруасы да тұтастай "ақылды" бейнекамераның құзырына көшпесіне ешкім кепілдік бере алмайды.
Жұрттың баласы Марсқа сапарлаймын деп жатыр.
Көлік - жүргізушісіз, ұшақ пилотсыз ұшатынына сену тіптен қиын емес.
Дамыған елдердің метросындағы пойыз əлдеқашан-ақ жүргізушіні керек қылмай тастаған. Мұны Бретанияның Ренн қаласында көзімізбен көрдік.
Тағы не қалды? Тағы қандай мысал келтірейін?
Тек, шығармашылықты қажет ететін мамандықтар ғана цифрландырудан аман қалатын шығар деп ойлаймын. Қанша жетілген болса да, робот "жанды" сурет салып, сезімге толы көркем дүние жазып, əсем əуен тудыра алмас.
Сонда адамдар немен шұғылданбақ дейсіз ғой? Жасампаздықпен. Жаңашылдықпен. Жасанды интеллект жасаумен. Бұл əр сəт сайын өзгеше ойлап, ерекше əрекет етуді талап етеді. Адам миының мүмкіншілігі орасан. Сəт сайын бір жаңалық ойлап тауып, дамудың жаңа сатысына көтеріле бермек. Ендігі тартыс ми тартысы болмақ. Басқаша айтқанда адам өзімен-өзі таласқа түспек. Кім бəсекелесінен басым түседі, соның айы оңынан туып, еңбек нарығында сұранысқа ие болады.
Сонда зейнеткерлер қайтпек деген ой билегенде, төбе шашым тік тұрады! Ол кезде зейнетақы деген болар ма екен өзі? Əй, болмайтын шығар! Əр пақыр өз виртуалды əлемінде, приютте берген суп-харчоны қанағат тұтып, көзі жəудіреп жатпаса де, əуелдем:)) Мейірімнен мақұрым компьютер əлеміне арамтамақтың не керегі бар?
Ақырзаманды орнатпа, жағыңа жылан жұмыртқалағыр деп, төбеме су құятын боларсыздар:)) Қайтем енді, адамзат дамуының бағыты солай қарай бет алса.
Айтқандарымды сандырақ дерсіз. Падиша көңіліңіз білсін. Осы ғасырдың басында да бүгінгі көп жай ертегі секілді көрінген. Ал өтке ғасырдың 80 -жылдары біздің үйдің қабырғасында ілулі тұратын тоқпақтай қара телефон есіме түссе, күлкім келеді. Мектепке барғанда балаларымыздың қалтасына салып жіберетін пейджер ше? Естеріңізде ме? Қазіргі ұялы телефондармен салыстырғанда, не деген жабайылық, ə!))
Менімше... Ой, қандай қиын кезең күтіп тұр, адамзат баласын! Қиын!

facebook.com  парақшасынан 




Көрілген: 2306    Пікірлер: 0

сейсенбі, 23.06.2020, 16:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31