Сен тұр - мен айтайын!

«Өй мына қазақтарда ес жоқ екен... » деп ойлап, қалған «нансоғарлар» қатарына кетіп қалуы мүмкін ғой

  • «Өй мына қазақтарда ес жоқ екен... » деп ойлап, қалған «нансоғарлар» қатарына кетіп қалуы мүмкін ғой

    «Өй мына қазақтарда ес жоқ екен... » деп ойлап, қалған «нансоғарлар» қатарына кетіп қалуы мүмкін ғой

Д. Нұржігіттің «кредиттер турасында» айтқан сөзіне өз ойымды білдірейін.


Иә, ауыл адамдарының ауыл шарушылығын дамыту мақсатындағы несиелерді алу, пайдалану, қайтару істерінде сауаттары жоқ!

Осы несиені алған 10 адамның екеуі ғана пайдасын көрсе, 8 і үкіметке қарыз болып қалады.

Себеп мынада.


Мал басын көбейтуге арналған несиеге көп адам Сиыр (Ірі қара) орнына тайынша, қой орнына тоқты алады. Үстіндегі қалған ақшаға «той» жасайды.


Ал, несиені бордақылау алаңдары үшін алып отырған 10 адамның 8 і алаяқтар.

Көбінің малдары бордақы алаңында жоқ, бірақ құлағына салынуы керек сырға-паспорттары сандықтарында сақтаулы.

Алматы т б үлкен қалалардығы ет базарында сойылып сатылған малдардың құлағындағы сырғасы мен паспорттарын жинап (арнайы қойылған адамдар көмегімен) әкетіп, үйіндегі сандықта сақтаулы, мал құлағына салынбаған жаңа сырға мен паспорттарға алмастырылып, үкіметке қайта өткізеді.

Бұл алаяқтық іс, келесі жылға несие алуға негіз болады.


Ал, мұны тексеру құқығы жәй адамдар түгілі, әкімшілік мамандарының өздерінде жоқ. Шағын кәсіпкерлікті орынсыз мазалауға тиым салынған.


Бір кездері 5 жылға 100 саулық беріліп, жылына 25 тоқтыдан қайтарып отыратын жақсы бағдарлама болған. Оның соңы несие берген мал иесі өзіне тиесілі малын жинай алмай қалғанын да көзімізбен көргенбіз.


30 сиыр бір бұқа алсаң, оғанда несие берілген.

Көп адамдар көрші қолаң, ағайын адамдары малын өзіне тіркетіп, алаяқтық жолмен несие алды.

Алып та жүр.


Аудандарда несиені кімдер алады?

Маслихат депуттаттары, әкімнің таныстары, бөлім басшылары таныстарына- ғана қолжетімді.

Тағы да айтайын, 10 адамның 8 і алаяқтар.


Бір маслихат деутатының осыдан 4/5 жыл бұрын 400 000 долл-ға жуық несие алып, оған алған 400 сиырынан бүгін 4 сиыр қалған жоқ.

Ал осы қаражатты 100 адамға бөлінсе әлдеқайда нәтиже берер ме еді.


Егіс дақылдарына берілетін субсидияда осы. Күнбағысты-поляның шетіндегі екі-үш гектар болатын екі-үш жолаққа ғана айналдыра егіп, жүздеген гектарға субсидия алып жүргендер болған. Қысқасы, коррупция!


Сосын жұрт, «каспиден» т б шағын кредит мекемелерінен алған несиелерін немен жабады?

Дұрыс! Малын сатып жабады.

Ол мал қайдан келген?

Дұрыс, кредитке алынған...


Дана Нұржігіттің айтқаны 100% дұрыс.


Қазақтар несиені той жасауға емес, пайда табуды ойлап алулары керек.


Дананы табалағаннан табатын бір-ақ «пайдамыз», оны өзімізден алшақтатуымызда.

«Өй мына қазақтарда ес жоқ екен... » деп ойлап, қалған «нансоғарлар» қатарына кетіп қалуы бек-мүмкін ғой, ағаеен..


Тортуыл Шоқан

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1693    Пікірлер: 0

жұма, 18.10.2019, 20:48

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30