Сен тұр - мен айтайын!

Ой толғап, пікір қозғағанның қашаннан қадірі жоқ...

  • Ой толғап, пікір қозғағанның қашаннан қадірі жоқ...

    Ой толғап, пікір қозғағанның қашаннан қадірі жоқ...

Бір күні Қожанасыр базар аралап жүріп, тотықұстың өте қымбатқа сатылып жатқанын көреді. Бұған таңғалған Қожекең үйіне барып, қорасындағы күркетауығын алып, базарға келеді. Сөйтіп базарға алып келген күркетауығын тотықұстан да қымбатқа сата бастайды.
Әрі-бері өткен жұрт Қожанасырдан күркетауығының бағасы неге соншалықты қымбат екенін сұрайды.
Қожекең де:
«Тотықұс та қымбатқа сатылып жатыр ғой», &ndash дейді саспастан.
Сонда жұрт:
«Айналайын, Қожеке-ау, тотықұс дегенің сөйлейтін құс қой», &ndash десе, Қожанасыр: «Тотықұс сөйлесе, менің күркетауығым ойланады», &ndash деп жауап берген екен.
Осылайша Қожекең сөз &ndash қымбат, ой арзан болған қоғамның бүгінгі келбетін әдемі сынап тастапты.
Тотының анадан-мынадан естігенін қайталағанға жұрт мәз, әйтеуір. Ал ой толғап, пікір қозғағанның қашаннан қадірі жоқ.

Салтан Сайранұлы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 795    Пікірлер: 0

жұма, 16.10.2020, 08:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қазан, 02:26
    Бір түрлі елміз иа?
    20 Қазан, 10:36
    Әйел - әззәзіл ғой...
    30 Қыркүйек, 12:55
    Оздық па, тоздық па?!.
    27 Қыркүйек, 14:33
    Сонда бұл да өсек пе?
    26 Қыркүйек, 17:13
    Қоғамға кешірім өте ме?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31