Сен тұр - мен айтайын!

"Өй, ұрсам өз әйелім ғой" дейтін надан түсініктегілер әлі де бар...

  • "Өй, ұрсам өз әйелім ғой" дейтін надан түсініктегілер әлі де бар...

ҚҰҚЫҒЫҢА АЛАҢДАЙМЫН ҚАЗАҚ ӘЙЕЛІ

Еліміздегі әйел құқығын қорғау мәселесі мені қатты алаңдатады. Жылына ресми дерек бойынша 400 әйел отбасыдағы зорлық-зомбылықтан көз жұмады. Бейресми одан да көп екені анық. Дамыған елдерде отбасыдағы тирандар ұзақ жылға сотталып, темір торға тоғытылады. Ал бізде өкінішке орай ондай практика тым аз.

Кейде көшеден көзі көгеріп,соққы алған әйелдерді көріп қаламыз. "Не болды екен" деп іштей мұңды ойға қаламын. Мүмкін оның тағдырын миы жаңғақтай ғана алғашқы қауымдық неандерталь құртты ма екен?!

Мемлекетімізде аталмыш мәселе бойынша жақында заңға түзетулер енгізілген еді. Енді отбасыдағы зорлық-зомбылықтың кішігірім түріне тағайындалған айыппұл салу, ескертумен алмастырылды. Демек, бір есалаң әйелін ұрады, ол үшін бар болғаны құқық қорғау органдарынан "ұрма!" деген ескерту ала ма? Сонда әйелдің алған соққыдан денсаулығына зақым келу, психикасына нұқсан келу мәселесі ше?

Телеарнадан ("Айтуға оңайда" ғой деймін) "әйелімді ұрып тұрам" дегенді де естідік. Сол қылмыс жасағанын дүйім жұрт алдында мақтанышпен айтты. Расымен құқықтық мемлекет болсақ, сол есерсоқ сотталды ма? Жоқ әлде "әйелі кешірім берді" деген үйреншікті жауаппен құтылып кетті ма?

Неге біздің қоғам кей отбасында жасалатын әйелге зорлық-зомбылықты қалыпты қабылдайды? "Өй, ұрсам өз әйелім ғой", "Бір ұрғаннан ештеңе етпес", "ұрмаса басқа шығады", "Сабасына түсіріп сабап алу керек" дейтін надан түсініктегілер әлі де бар. Неге? Біз үңгірде тұрмаймыз ғой. Жалюзды ашсаңыз өркениетті әлемді көресіз. Ойланыңыз.

Бала кезімде түрлі романдарды көп оқыдым. "Бақытсыз Жамалдан" бастап, "Қамар Сұлу", "Ақбілекке" дейін. Артынша "Балқадиша" сынды әндерді тыңдадым. Сонда қазақ әйелінің тағдыры өткен ғасырларда неткен ауыр болған деп ойланатынмын. Қазіргі статистиканы қарап отырсам, ол тағдыр ешқайда кетпепті. Бар болғаны үнсіз ғана кей отбасындағы әйелдердің ішінде өксікпен тұншығып жатыр екен.

Әйелді ұру - нағыз тағылық қой. Ұнамаса, заңды және өркениетті реттеу жолы бар ғой. Ислам дінінің өзінде "әйелін бір мәрте ұрған еркек, өзінің ішіндегі еркектік қасиетін мәңгі өлтіргені" демей ме? Отанымызда әйел құқығын қорғау мәселесі оң шешім тапқанын қалаймын.

Асхат Қасенғали
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 690    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 06.01.2020, 22:24

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қаңтар, 09:57
    Сүю деген не өзі?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29