Ойбай, жер бетінде 7,7 млрд адам бар деп, келесі аялдамадан түсіп қалмайтын шығармыз?
Лентадан "Нас уже 7,7 млрд! Чем грозит перенаселение?" деген BBC мақаласы жылтыңдап шыға береді. Әй, айналайындар, оны қазаққа айтқаннан не пайда? Мұны екінші балаға рұқсат берген 1,5 млрд қытай мен 1,4 млрд үндіге айтыңдар! Бізге не дейсіңдер? Немесе мақаланың тақырыбын өзгертіп: "Біз 7,7 млрд болдық, бірақ оның тең жартысы, 3 миллиарды - қытай мен үнділер" деңдер. Жоқ, қазақта нелерің бар, бізге көбею керек! Аллаға шүкір, жеріміз кең. Бұл жерде BBC алаңдауы мынада деп ойлаймын: әлемде еуропалықтар азайып бара жатқан жоқ па осы? Еуропаның келбеті тез өзгеріп жатыр. Әрине, адамдардың көбеюімен экологиялық, экономикалық, әлеуметтік мәселе де көбейе түседі. Бірақ "Бір қозы туса, бір түп жусан артық шығады" деген пәлсапамен өскен ұлтпыз ғой. Алла әркімнің несібесін береді. Аспаннан қара бұлт төндірудің қажеті жоқ. Ойбай, жер бетінде 7,7 млрд адам бар деп, келесі аялдамадан түсіп қалмайтын шығармыз?
Facebook.com парақшасынан