"Ойбай, медаль ала алмадық" деп ренжу қаншалықты орынды?!

22 ақпан 2022, 09:37

Медаль керек пе, әлеуметтік саланы дамытатын педаль керек пе? 
Қысқы Олимпиадаға қатысқан 91 елдің 25-і ғана медаль алды. Қазақстан медаль алмаған 66 елдің қатарында.
Өзбекстан, Қырғызстан Әзірбайжан, Түркия сияқты бізге жақын аймақтағы елдер де құр қалды. Идеал тұтып жүрген Малайзия да осы қатарда.
Медаль алмаған елдер толып жатыр қысқасы. Одан ешқайсының экономикасы құлдырап кетпеді, халқының әлеуметтік жағдайы нашарламады. Айталық Дания сияқты дамыған мемлекет те құралақан. Ал бұл скандинавиялық модельді ұстанатын, әлеуметтік жағдайы өте жақсы мемлекет.
Жалпы спортты халықаралық жарыста жеңу үшін дамытудың қажеті бар ма? Оған бөлген миллиардтардың қайтарымы бола ма? Мектепте оқушылар даладағы әжетханаға баратын, бір сыныпта 40 баладан топырлап отыратын, кешке қараңғы түсе қайтатын, үйірмелерінің бәрі ақылы Қазақстанда Қысқы Олимпиадаға 400 млн бөлу, "Ойбай, медаль ала алмадық" деп ренжу қаншалықты орынды?!

Фейсбуктегі парақшасынан