Ойпырмай-ай, үй телефонының қажеті қанша?
Бұрын әкімдер "Биыл пәленбай ауылға телефон сымы тартылды. Келесі жылы тағы да пәленбай ауылға тартылады" деп есеп беріп жатушы еді. Соңғы кездері әкімдердің баяндамасында мұндай ақпараттар сирексіп қалған секілді.
Енді міне, бірнеше адамнан естідім. Қазір қалалардағы, тіпті ауылдардағы кейбір отбасылар үй телефондарын алып тастап жатқан көрінеді. Өйткені, қазір үлкен-кіші, бала-шаға, бәрінде ұялы телефон бар. Ұялы телефоны жоқ адамның қасында ұялы телефоны бар біреу жүреді. "Пәленше сенің қасыңда ма, трубканы соған бере тұршы" десең, лезде бере қояды.
"Үйдегі телефон аппараты бекерге тұр. Ешкім звандамайды, ешкім пайдаланбайды. Әйелімнің де, бала-шағамның да ұялы телефондары бар. Бәрі жеңілдікпен бір-бірімен, басқасымен де тегін сөйлеседі. Ендеше үйдегі телефонның не керегі бар? Бекерге ай сайын ақша төлеп... Қай жақпен сөйлессең де "соткамен" байланысу әлдеқайда арзан. Содан "Қазақтелекомға" барып алдыртып тастадым" дейді бір ағамыз. Ойпырмай, мұндай да болады екен-ау, ә? Мұны жаңа заманның жаңа жаңалығы дейміз бе, қайтеміз? Ал, Сіздер не дейсіздер?
Оралхан Дәуітов
Facebook-тегі парақшасынан
Жұлдыз
Радиосы