Сен тұр - мен айтайын!

Ойпырмай, біздің әншілер шынында көкіректеріне нан пісіп кеткен екен ғой...

  • Ойпырмай, біздің әншілер шынында көкіректеріне нан пісіп кеткен екен ғой...

    Ойпырмай, біздің әншілер шынында көкіректеріне нан пісіп кеткен екен ғой...

 “Астарлы ақиқат” деген “сұмдық” передача екен ғой. Мен көрмейтін едім. Елдің бәрі айтып жатқан соң, лотерея туралы хабарды түгел көріп шықтым.

 

Журналист Дина Төлепбергеннің өткір сұрақтарына риза болдым. Нақты, қысқа, нұсқа!

 

Ойпырмай, біздің әншілер өздерін аспандағы жұлдыз санап, шынында көкіректеріне нан пісіп кеткен екен ғой. Беттен алып, төске шауып..Мәдениет саласының қызметкерлері мәдениетті болмас па еді? Сөздерінен парасат деңгейлерінің дандайсығаннан деградацияға ұшырағанын аңғару қиын емес.

Елдің ықыласы мен ақшасы ғой, оларды солай оңды-солды сөйлетіп отырған..

 

Ахметбек Нұрсила ағамыздың да “шегірткесі” артықтау, әрине.

 

Десе де, “апама жездем сай” ғой өздері де..

 

Жалпы барлық салада халтура қаптағаны өтірік емес. Атағын малданып, шығармашылығымды дәріптеймін деген желеумен, өтпей қалған дисктерін, кітаптарын, көліктері мен пәтерлерін аңқау халыққа алдап, өткізу - алаяқтық емей немене?..Алаяқтықтың бір түрі ол да. Қайдағы қайрымдылық? Қайрымдылықтың “қ” әрпі де жоқ бұл жерде. Бұл жерде таза пайдакүнемдік. Халықтың өз бидайын өзіне қуырып беріп, қалталарын толтыру.

 

“Жұлдыздардың” ұпайлары түгел. Қай жерде де сорлайтын - халық қой. Халықты ойласа, атағы жер жаратын, жағдайы керемет кей әншілер халықтың несібесіне жармасып, 42 мың алар ма еді???

Шын мұқтаждар сол 42 мыңды ала алмай отыр..

 

Ләззат Кендебайқызы
Фейсбуктегі парақшасынан

 




Көрілген: 4658    Пікірлер: 0

сенбі, 02.05.2020, 13:35

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31