Сен тұр - мен айтайын!

Ойыңа келгенді істеп жүре беруге болады екен ғой біздің елде...

  • Ойыңа келгенді істеп жүре беруге болады екен ғой біздің елде...

    Ойыңа келгенді істеп жүре беруге болады екен ғой біздің елде...

Осыдан бес ай бұрын үйіме ұры түсті. Біраз бағалы затты қолды қылған. Алматының Әуезов ауданында арыз жатыр. Полиция қозғалған да жоқ. Ұрылардың үйге кірген, түрлері анық көрінетін видеосына дейін өзім апарып бердім. Ештеңе таппады. Әуезов аудандық ішкі істер басқармасындағы тергеушілер бізді тонағандар менің үйімнен соң бірнеше пәтерге ұрлыққа түскенін айтты. Тағы да қайталап айтайын видеода ұрылардың түрлері анық көрінеді. БІрақ ешкім табылмады, ұсталмайды. Түрлері болса да адамның аты-жөнін анықтау қиын деді полициядағылар. Кім екендері белгілі болған күннің өзінде оларды ұстау да оңай шаруа емес деп отыр. Қылмыс көп, қызметкерлер аз үлгере алмай жатырмыз деп те ақталды. Сонда мұндай полицияға қалай сенесің? Қазақстан қылмыскерлердің жұмағы екен ғой. Түріңді анықтай алмайды. Ұсталуы тіпті қиын. Полиция жетіспейді. Ойыңа келгенді істеп жүре беруге болады екен ғой біздің елде. Айтарға сөз жоқ. Біздің полиция көшеге шыққан кемпір шалдармен ғана күрескенге мықты ма? Бір үйге түскен екінші ұрлық екенін де айта кетейін.


Копжасарулы Ерканат


Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 4330    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 20.11.2019, 12:41

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31