Сен тұр - мен айтайын!

Өз баласының болашағы үшін жергілікті халықтың тілі мен ділін үйрену керек екендігі аксиома

  • Өз баласының болашағы үшін жергілікті халықтың тілі мен ділін үйрену керек екендігі аксиома

    Өз баласының болашағы үшін жергілікті халықтың тілі мен ділін үйрену керек екендігі аксиома

Өз басым Сағадиев #ҮШТІЛДІЛІК дегенді шығарғанша қазақ тілі туралы онша ойланбайтынмын..

2025 жылға қарай қазақтардың үлес салмағы 80%-ға жақындаса, тіл проблемасы өздігінен-ақ шешіледі деген ойда едім..
Себебі, 2017 жылға дейін қазақ сыныптарына орыс, өзбек, түрік азаматтары балаларын бере бастаған. Үштілділік шыққан соң сол процесс кілт тоқтады...

Қанша тіл білсең де артық емес. Бірақ заңмен бекітілген мемлекеттік тілді шын мәніндегі мемлекеттік ете алмай тұрған жағдайымызда үштілділік туралы абайлап айту керек еді.

Бастауыш сыныптарда баланы ана тілінде оқытқан жөн. Осы сыныптарда баланың ақыл-ойы мен дүниетанымының негізі қаланады. Үштілділік енген жағдайда ана тілі бұрын екінші планда болса, енді үшінші сатыға сырғиды. Ата-ана алдымен шет тіліне көбірек назар аударатыны анық қой.
Осы жерде туып-өсіп қазақша нан сұрап жей алмайтындар пәлен ақша беріп ағылшын, қытай тілін үйренеді. Қазақ тіліне келгенде "им методику давай", "то давай", "сё давай"... Әйтеуір сылтауы көп.

Балаларын қазақ мектебіне беру арқылы өздері де қазақ тілін үйрене бастаған орыстілді қазақтар тіл үйренуден бас тартуға мәжбүр болды. Енді олар баласы үшін ағылшын тілін басты назарда ұстап жатыр.
Қазақ тілімен тереңірек айналысуға уақыты бола бермейді. Ең бастысы, енді оларда қазақ тілін үйренуге деген мотивация қалмады.

Тіл саясатын өзгерту қажет. Қазақ тілін білмеген диаспора өкілі қазақтың жанын, мінез-құлқын түсіне алмайды. Кешегі оқиғалар қазақ тілін үйренуге диаспора өкілдері өздері мүдделі болу керектігін көрсетті. Орта статистикалық қазақтың бір ерекшелігі - қазақ тілінде сөйлеген адамды туғанындай көреді.

Қазақты сыйламай-ақ қойсын. Болашағын Қазақстанмен байланыстырған адам өз баласының болашағы үшін жергілікті халықтың тілі мен ділін үйрену керек екендігі аксиома ғой.

Елден кеткеніне пәлен жыл болған анау "дойбышыға" жақтастары Қазақстанда 90% орысша сөйлейді деп өтірік ақпар берсе керек. Әлде өзі құдасының көңіліне қарап айтты ма екен? Әйтеуір өтірікті сапырып жатыр.

Өмір Шыныбекұлы
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 562    Пікірлер: 0

бейсенбі, 13.02.2020, 17:15

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29