Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Өзі бірнәрсені бітірмей жұртқа ақыл айтқысы келеді

07 қаңтар 2018, 13:31

Қазақша бизнес-тренерлер көбейіп келе жатыр. Бизнес тренерлік - қазақ үшін ең оңай бизнес түрі. Себебі, бәріміз ақылдымыз ғой. Ақыл айтуды жақсы көреміз.

Қазақша бизнес-тренерлер көбейіп келе жатыр. Қуанасың. Бірақ олардың көпшілігі пайданы көздеп, өз бауырларын алдап жүргенін көріп қуанышың су сепкендей басылады. Өзі бірнәрсені бітірмей жұртқа ақыл айтқысы келеді. Бір жылда бірнеше миллион доллар табуға (теңге емес) мақсат қояды. Соны жұртпен бөліседі. Мықтысың ба, мақсатыңа үндемей жет. Сол жоспарыңның 10 процентінің де орындамайтындығына сенімдімін. Жұртты алдау үшін өзін солай көрсетуге тырысады. Былай айтқанда "аңқау елге арамза молданың" керісі.

Мен қазақ жігіттерден кәсібилікті көргім келеді. Қуаныш ШОНБАЙ мырза секілді. Маркетингті өте жақсы меңгерген. "Екі жылда 10 ресторанды қалай аштыңыз деп бәрі таң қалады. Бірақ олар осыған дейінгі 10 жылды көргісі келмейді", - дейді №1 қазақ ресторатор жігіт.

Айтпақшы, Қуаныш мырза да тренинг өткізіп жүр. Бір күндік лекциясы 10 мың теңге. Бардым. Қатыстым. Бір ғана нәрсені түйдім. Ол нәрсені Қуаныш Шонбайдың өзіде айтты. "Есекке қанша мотивация берсеңде тұлпар болмайды. Ол жәй ғана мотивациясы бар есек болады".

Жақсы сөз иә?! Сол қатардан өзіңді көрдіңіз ба?! Қимылдаңыз. Еңбектеніңіз. Бизнес- тренингтер сізге ешнәрсе жасап бермейді. Олар тек ақыл айтады. Ол ақылды айтуға кез-келген қазақтың шамасы жетеді.

Сізге шын мәнінде мотивация керек емес. Сізге жол сілтейтін адам керек. Ол сіздің жақын досыңыз, не әкеңіз, не әріптесіңіз болуы мүмкін. Достарыңыздан ақыл сұраңыз. Тек соны сатып алмай-ақ қойыңызшы!

Facebook-тағы жеке парақшасынан алынды.