Өз көзімен барып көргенде ғой…

20 қаңтар 2022, 21:36

Инстаграмға кіріп қалсам тікелей эфирде Ыстанбұлдың әкімі Экрем Имамоғлы базарда жүр. Базардың қақ ортасында саудагерлермен сөйлесіп, ығы-жығы халықтың ішінде. Соңынан ерген ешқандай кортеж де, телеарна да жоқ. Кәдімгі телефонмен тікелей эфирге шығып жатыр.
Соңғы 10 жылда, мейлі 20 жылда базарды аралап, саудагерлермен сөйлескен әкім бар ма бізде? Неге біздің әкімдер халықтың ортасына шығуға қорқады? Неге олар тек митинг кезінде шығуы керек?
Бүгін Алматы қаласында ет арзандапты деген жаңалық шықты. Бірнеше азаматтар арзан етті іздеп қаладағы базарларды аралаған, таппаған. Алматы қаласының әкімі бүгін сол базарларға шығуға 40 минут бөлгенде, өз көзімен барып көргенде ғой…
Әкімдер халықтың жағдайын өз көздерімен көрмейінше ештеңе өзгермейді.

facebook.com парақшасынан