Сен тұр - мен айтайын!

Өз мүмкіндігінің деңгейімен өзгені өлшейтін топастарға таң қалудан шаршадым

  • Өз мүмкіндігінің деңгейімен өзгені өлшейтін топастарға таң қалудан шаршадым

    Өз мүмкіндігінің деңгейімен өзгені өлшейтін топастарға таң қалудан шаршадым

Қайран, қара пешім-ай?! Кешегі фотолардан тойда жүргенімді байқаған боларсыздар?)) Үйге кеш қайтып, пешім небәрі екі-ақ сағат жанып, таң атқанша үй суып қалды. Қанша жерден тәтті болса да ұйқы шіркінді қиып, таңғы 5-те тұрып, пеш жақтым. Айналайын қара пешім-ай, гулеп кеп бергенде?! Ойнақтаған отқа он минуттай қарап тұрып, ертедегі аталарымыздың от пен суға текке сиынбағанын ойладым. Отқа қарағаннан жаным ләззат табады! Айналдырған жарты сағатта суықтың мұрты сынып шыға келді! Үйім жылы ұядай жанданып, өмір ғажайыпқа айналды. Ыстық суды айдайтын моторды ойлап тапқан адамның атасына рақмет! Дырылдата отпен қызған суды айдап, жылытқыштарыңды ысытып бере қояды. Кеше бір кәсіпкердің "үйі жоқ адамды адам деуге болмайды" деген видосұхбатын көріп ем. Адам деген ойланбастан оттай береді екен-ау, ә? Егер, табыс көзі тауардан он есе бағалы мемлекетте тұрсаң, айт. Ал, айналдырған бес килә еттің құны сенің жалақыңның отыз пайызынан асып түсетін елде тұрып жатқан бұқараға олай деуі?.. "Тренинг өткіземін" дейді. Сол тренингке ешкім бармай қойса, дұрыс болар еді? "Суырдың да үйі бар" деп, ауадан қалқып алып отырған ақшасы тоқтағанда көрер ем. Егер, миым пьеса жазып, гонорар таппағанда, сол '"адам еместердің" санатында жылап-еңіреп мен де жүрер ма едім? Туасында, өз мүмкіндігінің деңгейімен өзгені өлшейтін топастарға таң қалудан шаршадым. Жаратқан ие бәрін бірдей данышпан етпейді. Миллионға біреуін жаратып, қалғанын соларға тәуелді етіп қояды. "Тірі" жүріп "шілікке" батудан - "тіршілікті" ойлап таппаса, ендігі жұмақта жүрер едік. "Шіліктен" шыға алмай жүргендерге жыны келе қарайтындарды аяймын. Алыстау жүруге тырысам. Өз құлашымен өлшейтін бір сыйласыммен солай еттім де. Ол әрине, сезбес. Есесіне, өзім жеңілдеп жүрмін. Тәуба, ешкімге қараған күнім жоқ. Тек, барымен тәккәппарлыққа ұшырағандарды көрсем, қорқам. Тәккәппарлықтың сұрауы бар. Әлігі үйсіз жүргендерді "адам емес" дейтіндерді - "Байлығыңды айта берме, айта берме, ағайын, Ол кедейдің кедейлігін бетке басқан секілді" деген Қадыр ағамның өлеңімен қақ бастан қойып қалсаң ғой?(әрине, өлеңімен ғана ғой) Таңмен пәлсапамды қозғаған сол, бере салған қара пешім ғой?!))) Жұма күнгі тілегім - Жаратқан ием бәріңіздің үйіңіздегі пештің отын өшірмесін! (Цивилизацияда тұратындардың орталық жылуын) Қара пеш аман болса, көңіл-күйіміз жаман болмайды!


Сая Қасымбек

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1176    Пікірлер: 0

жұма, 15.11.2019, 12:03

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31