Сен тұр - мен айтайын!

Өз руын бадырайтып тегіне жазу – надандық

  • Тоқтарәлі Таңжарық

    Тоқтарәлі Таңжарық

Маған өз ныспысының соңына әкесінің яки атасының есімін емес, руының атын жазатындар мүлдем ұнамайды. Ондайларды суқаным сүймейді. Бишаралықтарын сезіп аяймын.

Ондайлардың көбі әлеуметтік желілерде, сайттардың соңында тығылып алып, рушылдықты қоздырып отыратынын да байқаймын. Өз руын білу, оның тарихын, ата тегін зерттеу – ұлттық танымның көрінісі. Маған десеңіз, жеті атаңыз түгіл, жетпіс жеті атаңызды біліңіз, қалай өмір сүрді, кім болды, қай аймақтар ғұмыр кешті, зерттеңіз, гәп жоқ. Бірақ өз руыңызды бадырайтып тегіңізге жазу – надандықтың көрінісі.

Соңғы кезде Алматы көшелерінен "Албан", "Найман", "Адай" деген жазуы бар автобустарды да жиі байқап жүрміз. Іштей налисың. Мәңгүрттігін рушылдығымен бүркегісі келетін сияқты. Тіпті машина нөмірлерін "Ұлы жүз", "Орта жүз", "Кіші жүз" деген жазуы бар қаптамалармен де бүркеп жүргендерді көрдік. Сондай қаптаманы шығарып отырған зауыттарды сотқа беру керек. Кейбір ағайын рушылдық пен ұлтшылдықты шатастырып алып жүр. Аяғаннан басқа, не айтасың оларға?

Тоқтарәлі Таңжарық

Facebook-тегі парақшасынан




Көрілген: 1688    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 27.10.2014, 09:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Мамыр, 16:01
    Ифтар емес, Ауызашар
    4 Мамыр, 10:49
    Қалжа ма, гүл ме?
    29 Сәуір, 11:02
    ТҰҚЫМЫ БӨЛЕК БӘЙГЕ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31