Өз сәбиінен бас тартатын қоғамда тұрып жатқанымыз да жүректі ауыртады
Бұл жаңалыққа көзқарастарыңыз қалай?
Елімізде алғашқы беби-бокс орнатылды. Оны "Үміт бесігі" деп атады. Беби-бокс дегеніміз енді туылған сәбиді тастап кетуге арналған жәшік. Яғни анасы баласынан бас тартқанда сол жәшікке салады. Еуропа елдерінде бұрыннан бар тәжірибе. Әрине баласын өмірге әкелген соң туалетке, жол жиегіне, қоқысқа тастап кеткенше, сәбиді осындай беби-боксқа тастап кеткені әлдеқайда жақсы. Алайда өз сәбиінен бас тартатын қоғамда тұрып жатқанымыз да жүректі ауыртады. Ер мен әйелде ұрпаққа деген жауапкершілік азайған сәтте сондай болады-ау. Аштық кезінде де, соғыс уақытында да 8-9 баланы жеткізген ата-апаларымызға қарап, қайран қаламын.
Асхат Қасенғали
Фейсбуктегі парақшасынан