Сен тұр - мен айтайын!

Өз саласында маман боп жарытпаған бір тәтем де психолог боп алыпты

  • Өз саласында маман боп жарытпаған бір тәтем де психолог боп алыпты

    Өз саласында маман боп жарытпаған бір тәтем де психолог боп алыпты

Осы күні психолог көп. Менің өз саласында маман боп жарытпаған бір тәтем де психолог боп алыпты. Өз кәсібін меңгеріп қарық қылмаған сол кісіні психолог ретінде түк қабылдай алмаймын. Мойындамаймын да. Ренжімесін. Көп психологтар кәдімгі өзіміздің, сіз бен біздің, айтатынымызды айтады екен. Сонда олардың бізден айырмашылығы қане?! Әйтіп-бүйтіп диплом алып, психолог боп алған емес, кәдімгі сауатты психолог керек!

Пы-сы; Сосын психология өте нәзік мамандық қой. Өйткені адамның жаны, жан дүниесі тұр ғой бұл жерде. Мен танитын бір келіншек (ол осы желіде отырады және айтарлықтай белсенді қолданушылардың бірі екенін айтпасқа тағы болмайды) бір танымал психологтың көмегіне жүгінген екен. Көмектесіпті. Бірақ көмектескені бар болсын онысын жарты әлемге жайыпты. Менің өзім ол туралы оған мүлде қатысы жоқ төрт адамнан, яғни төрт адамға айтқанын, естідім. Психолог деген ең алдымен құпиялылықты сақтауы керек қой! Бізде психология саласы кенжелеу дамығандықтан да шығар, дәл осы мәселе аса көп зерттелмеген, заңдық тұрғыда бір жолға қойылмағаны хақ. Бір адамға көмек керек. Жақсы білетін, танитын, маман ретінде сауатты психологтарыңыз болса, айтыңыздаршы...


Жанар Оразымбет

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1457    Пікірлер: 0

бейсенбі, 13.06.2019, 10:35

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    20 Тамыз, 11:50
    Ислам және қисын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31