Өз таңдауымен қазақ болып жазыламын дегендерге мүмкіндік беретін Жарлық шығарса
Бүгін Ассамблеяның сессиясына онлайн қатыстым. Елбасы қазақ тілін меңгерудің маңыздылығы туралы көп айтты. Тағы бір ұнағаны, сөйлеушілердің барлығына дерлігі қазақша сөйледі. Қазақшаны жақсы білетін азаматтар спикер ретінде таңдалыпты. Өзге сессиялардан өзгешелігі осыда болды. Қазақы сессия болды. Түймебаевқа респект.
Сонымен бірге, аса маңызды әрі пісіп жетілген мәселе көтерілді және ол жақсы қабылданды. Тараздағы мектептердің бірінің директоры, әкесі дүнген, шешесі ұйғыр Динара Нұралиева &ldquoтөлқұжатқа қазақ болып жазылатын уақыт келді&rdquo дегенді айтты. Өте орынды ұсыныс.
Осыдан алты ғасыр бұрын Ұлы даланы мекен еткен түрлі тайпалар &ldquoқазақ&rdquo деген атаудың төңірегіне біріккен болса, шын мәнінде қазақ атауы қазір тек этносты білдіретін емес, азаматтықты білдіретін ұғымға айналды.
Франциядан келген тегі африкалық "французбын" дейді, Американың азаматтығын алған кез келген адам "америкалықпын" дейді. Сол сияқты "қазақ" атауы микроэтнонимнен өсіп, макроэтнонимге айналған атау. Яғни, қазақ деген тек этностың өкілін ғана білдірмейді, сонымен бірге ұлттың атын, яғни азаматтықты білдіретін термин.
Өз басым "әттең заң рұқсат бермейді, әйтпесе қазақ болып жазылып алар едім" деп жүрген адамдарды білемін.
Кезінде Елбасы қазақтардың аты-жөнін қазақша жазуға мүмкіндік беретін Жарлық шығарған еді. Соның арқасында "Чингис Жумабекович Мухановты" "Шыңғыс Жұмабекұлы Мұқан" деп ауыстырып алғам. Осыдан 11 жыл бұрын.
Енді Президентіміз өз таңдауымен қазақ болып жазыламын дегендерге мүмкіндік беретін Жарлық шығарса.
Shyńǵys Muqan
Фейсбуктегі парақшасынан