Сен тұр - мен айтайын!

Өз таңдауымызды жасауымыз керек, әйтпесе, осылай сүйретіліп жүре береміз

  • Өз таңдауымызды жасауымыз керек, әйтпесе, осылай сүйретіліп жүре береміз

    Өз таңдауымызды жасауымыз керек, әйтпесе, осылай сүйретіліп жүре береміз

Қазақ азаматтарының тегінен қазаққа жат "ов", "ев" және "ин", т.б. аффикстерін алып тастау туралы әңгіменің басы сонау өткен ғасырдың ортасынан басталған. Ол кезде қазақи аты-жөн Бауыржан Момышұлында ғана болған секілді. Кейіннен Асқар Оразақын, Шона Смақанұлы секілді тұлғалар келді. Билік бұл мәселеге "Ұлты қазақ азаматтардың тегі мен әкесінің атын жазуға байланысты мәселелерді шешу тәртібі туралы" Президент Жарлығымен 1996 жылғы 2 сәуірде алғаш рет үн қатты. Бірақ қазақ азаматтары бұл жарлыққа жаппай үн қата қойған жоқ. Өйткені оның болашағы бұлдыр еді. Оның, ұмытпасам, 5-бабына (Республика Үкiметi өзiнiң құқықтық нормативтiк актiлерiн және республиканың орталық атқарушы органдарының актiлерiн осы Жарлыққа сәйкес келтiрудi қамтамасыз етсiн) арнайы құжат әзірленбеді. Әрине, бұдан кейін кезекті бір саяси науқан секілді көрінген болуы мүмкін. Әлі күнге дейін ел басшылары, тіпті, қазақ зиялылары, оның арасында елім деп еңірегенді етегі жасқа толатын, ұлтым деп елжірегенде ұқпайтын құлақты емексітетін азаматтардың өздері "ов", "ев"-пен жүр. Бірақ соңғы кездері аты-жөндерін аталған аффиксіз жазатын жастар шыға бастады. Бұл жастардың болашақа сене бастау деп ұғайық. О баста тек (фамилия дегеніміз ғой) жазудың 9-ға жуық үлгісі болса (Пәленшеден түгенше, Пәленше Пәленшетегі, Пәленшенің Пәленшесі, т.т.), қазір соның екеуі ғана анықталып келе жатқан секілді: Баыржан Момышұлы, Шерхан Мұртаза (толық жазылуы Шерхан Мұртазаұлы Мұртаза). Түбі осы екі нұсқа ресми болса керек. Қазіргі үрдіс соны көрсетеді. Жоғарыдан үміт күтпей, өз таңдауымызды өзіміз жасауымыз керек (төмен түзелсе, жоғары қайда барады дейсіз). Бауыржан Момышұлы таза қазақи тек болса, Шерхан Мұртаза әлемдік тәжірибеде жиі кездесетін тек. Нақты болу үшін мысал келтірейік: Дональд Трамп, Елизабет Тэтчер, Джек Лондон, Вальтер Скот, Лев Толстой, т.с.с. Ендеше осы екі үлгімен жүрсек аты-жөніміз бір қалыпқа келер еді. Грузиндерде де солай, дзе, -ия, ая... Әйтпесе, осылай сүйретіліп жүре беретін секілдіміз. 


Сіз қалай ойлайсыз, ағайын?


Дурәлі Дүйсебай

Фейсбуктегі парақшасынан


 




Көрілген: 425    Пікірлер: 0

жексенбі, 27.01.2019, 13:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Наурыз, 19:42
    Қайыршы болғым келеді
    18 Наурыз, 10:41
    Сөз түбі – тағдыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30