Сен тұр - мен айтайын!

Өзі таяқ жемеген бала басқаға да қысастық жасамайды...

  • Өзі таяқ жемеген бала басқаға да қысастық жасамайды...

    Өзі таяқ жемеген бала басқаға да қысастық жасамайды...

Әлімжеттікті қалыпты жағдай деп отырған жігіттердің дені үйленбеген, денінің баласы жоқ, үйленгендерінің балалары кішкентай, содан кейін де айтуға оңай шығар. Ертең балаларыңыз әлімжеттіктің құрбаны болғанда басқаша сөйлейсіздер.

Өткенде де жаздым ғой, екінші сыныпта қызымның класына бір қыз бала ауысып келді. Спортпен айналысады. Өте қабілетті. Жетістігі мол. Болашақта мықты спортшы боларына күмән жоқ. Бірақ... бірақ балаларға күн бермеді. Ұл демей, қыз демей. Неше баланың көзін көгертті. Екінші. үшінші сыныптарда балалар айтатын еді, кейін мүлдем айтпайтын болды. Өйткені кім айтса, сол – стукач, ябеда, сіздерше айтқанда, терпила. Айтпағандар – красавчик.

Жәй ғана ұру емес, буллингтің басқа да түрлері болды. Сөмкесіне записка салып кету, дәптерін жыртып кету, қарындашын сындырып кету, көйлегін көтеріп жіберу, пеналының ішіндегі заттарын жерге төгіп, соны аяғымен таптау... Мүмкін мұны да қалыпты жағдай деп қарайтын шығарсыздар?..

Спорттағы өнерін тек сол спорт залда көрсетсін деп бірнеше рет айтылды, ескертілді, ата-анасына да айтылды. "Бата кимесе қата тиеді" деп, бір күні балалардың бірі жазым болуы мүмкін екенін қанша айттық. Тіпті, Ресейдегі бір Олимпиада чемпионының спорттағы тәсілді көрсетіп, 14 жылға сотталып кеткеніне дейін айттық. Нәтиже болған жоқ. Содан кейін арыз жазып, мектептен шығаруға ықпал еттік.

Мана бір бауырым "басқа біреу кеп сабап жатқан жоқ қой, өзінен бір жас үлкен баланың ұрғанында не тұр?" дегендей жазыпты. Кешіріңіз, мен баламды ешкімнің ұрғанын қаламаймын. Өзі таяқ жемеген бала басқаға да қысастық жасамайды деп ойлаймын.

Біз #қызықхалықпыз, жалпы. Өткенде балалары мен шешесінің көзінше әйелін ұрып өлтірген жігітті "жауыз-ай" дестік. "Жазасын алсын" дедік. Ал енді келіп, "бір еркеліктерін кешіру керек еді ғой" дейміз.

Жұлдыз Әбділда
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 559    Пікірлер: 0

бейсенбі, 13.02.2020, 12:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қыркүйек, 14:33
    Сонда бұл да өсек пе?
    26 Қыркүйек, 17:13
    Қоғамға кешірім өте ме?
    21 Қыркүйек, 10:15
    Мұндай еркек мүлде жоқ...
    11 Қыркүйек, 13:08
    АҚЫН ЕМЕС, ҚАТЫН КЕРЕК...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30