Сен тұр - мен айтайын!

Өз тіліңде әдемі сөйлеп, ойыңды әдемі жеткізгенге не жетсін?І"

  • Өз тіліңде әдемі сөйлеп, ойыңды әдемі жеткізгенге не жетсін?І

    Өз тіліңде әдемі сөйлеп, ойыңды әдемі жеткізгенге не жетсін?І"

Тіл дегеннен шығады... Шет тілдер институтында біз оқыған 90-жылдары Унайбаева Роза Алденовна (жұрт қалай атаса солай жазып отырмын) деген оқытушы сабақ берді. Мәскеуде оқыған, өзін тәкаппар ұстайтын, артық-ауыс қылығы һәм сөзі жоқ интеллигент адам еді. Стилистикадан сабақ берді, талай ағылшын тілінде лекция оқыды.

 

Астын сызып айтатын нәрсе, ол кезде қазақ тобына ағылшын тілінен сабақ беретін оқытушылар я Ресейден бітірген, я орысша сөйлейтін мамандар еді.

 

Ауылда қой аузынан шөп алмайтын момын Дәуреннің "шатақ" мінезі институттағы дәл осы тілге байланысты түсініспеушіліктен басталды. Оқытушылар "тексті орысшаға аудар" дейді, мен "бұл қазақ бөлімі, мен неге орысшаға аударуым керек?" деймін де баяғы.

 

Орысшаға оңтүстік облыстардан келген балалардай ыңқылдап-сыңқылдап аудара алам әрине, бірақ соған нервім ауырады да әңгіменің қысқасы. Содан замдекан маған "жынды" деген диагноз қойып, жыл бойы бес алып келген ағылшыннан жыл соңында "үш" алып жүрдім...

 

Құдай-ау Роза қайда қалып қалды деп отырған шығарсыздар, Роза апамыз 4 курста бір-ақ келді. Келді де "мына баланың қазақшасы жақсы екен, мен оған жеке тақырып берем" деді бәрімізді таң-тамаша етіп. Өмірі орысша сөйлейтін адамның қазақ тіліне деген ілтипаты ғой бәрімізді айран-асыр етіп отырған.

 

Хош...содан "поэзия тілі" деген тақырып алып, ағылшын-қазақ тілдеріндегі өлең құрылымы һәм оның табиғаты турасында шағын баяндама жасадым. Орысша оқып, орысша сөйлейтін, Назарбаев пен НАТО-ның сол кездегі хатшысы Хавьер Солананың аудармашысы болған Роза апамыз қатты риза болды. Риза болғаны сондай, артынан емтиханға да кіргізбей, "автомат" бес қойып берді.

 

Айтайын дегенім, кейіннен Астанадағы Дипломатиялық Академияның ректоры болған сол кісі "мен қазақша тек "бытовой" білемін, өз тіліңде әдемі сөйлеп, ойыңды әдемі жеткізгенге не жетсін?І" деп отыратын.

 

Және солай деп айтып қана қоймай, тұтас курстың ішінен қазақ тілі үшін сұмырай атанған мені әспеттеп, "көзімді ашты", басқаларға ой салды.

 

 

Әрине, мен оны ең әуелі ол кісінің туған тіліне һәм топырағына деген құрметі деп білдім.

 

Ал ғаламторда бірде-бір суреті жоқ осы бір ғазиз жанның туған топырағы Атыраудан еді...

 

Жатқан жеріңіз жайлы, топырағыңыз торқа болсын, аяулы ҰСТАЗ!

 

 

 

Дәурен Берікқажыұлы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1086    Пікірлер: 0

сенбі, 14.08.2021, 18:57

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Қыркүйек, 12:34
    Сөйтсем, "мода" екен
    22 Қыркүйек, 00:33
    Алматинский стрелок-3

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31