Сен тұр - мен айтайын!

Өз үйіңізден өлік шығып, ауру табылмаса болды ма, той жасай бересіз бе?

  • Өз үйіңізден өлік шығып, ауру табылмаса болды ма, той жасай бересіз бе?

    Өз үйіңізден өлік шығып, ауру табылмаса болды ма, той жасай бересіз бе?

Тоқтамай той жасаушы сауыққой ағайын, "ауырған адамды көрсет" дедіңіздер, "өлген кісіні көрсет" дедіңіздер. Сенбедіңіздер. Өкінішке орай бәрін артығымен көріп отырсыздар. Енді "короновирустан өліп, қайта тірілген адамды көрсет" демесеңіздер болды ғой енді. Келінді түсір де, некесін қиып кіргізіп ал үйіңе. Қызыңды да батасын беріп жібере бер. Болмаса кейінге ысыра тұр. Туған күн дейсің бе, Абылайсың ба, Абайсың ба, мың жылда бір туып жатқан, құтты болсын туған күнің, болды ешкімді жинама. Жаназа шыққан үйлер де түсіністікпен қарайды деп ойлаймын. Бүгін жақсы көретін жақын жездеміздің жаназасына жете алмай отырмын. Дәрігерлер рұқсат бермейді. Тойдың арты топалаңға ұласып жатыр, тығылып жасап, жасырынып атқара бермей, қойсаңыздаршы енді. Иіс сезбейміз, дәм сезбейміз дейміз, осындай қауіп пен өлімнің иісі мен дәмін сезбесең әрине солай болады. Тоқтайық шамалы. "Өзім жемейтін құйрық боғымен піссін" дегендей, өзіңіздің үйіңізден өлік шығып, ауру табылмаса болды ма, той жасай бересіз ба? Ұят қой енді..


Мұхтар Ниязов
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1812    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 06.07.2020, 00:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қыркүйек, 10:15
    Мұндай еркек мүлде жоқ...
    11 Қыркүйек, 13:08
    АҚЫН ЕМЕС, ҚАТЫН КЕРЕК...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30