Сен тұр - мен айтайын!

Өзі үйренбеген тілді баласына тықпалаған «Мырқымбайдың қыздарынікі» не әуірешілік?

  • Өзі үйренбеген тілді баласына тықпалаған «Мырқымбайдың қыздарынікі» не әуірешілік?

    Өзі үйренбеген тілді баласына тықпалаған «Мырқымбайдың қыздарынікі» не әуірешілік?

Астанада жап-жас отбасылар балаларын үнемі орысша сөйлетуге аса құмар екенін көріп, солардың бәрін қалада өсіп, орысша білім алғандар екен деп ойлайтынмын. Сөйтсем, мүлде олай емес екен. Тәуелсіздік жылдарында отау құрып, балалы-шағалы болған әлгі орысшылдар көріп берейін десең де, бір орысы жоқ ауылда өскен, мектепті, университетті қазақша оқып бітіргендер болып шықты. Тіпті, олардың орыс тілінен сауаттары өте төмен екендіктерін де аңғардым. Орысша бір сөйлемді қатесіз құрып жазуға қабілетсіздіктері, тұрмыстық бірауыз сөздің өзін түсінікті етіп айта алмайтындары тіпті, таңғалдырды. Сонда, «қой көрмеген қуалап өлтіреді» демекші, өзі үйренбеген жат тілді баласына тықпалап, бас қатырып жүрген бұл «Мырқымбайдың қыздарынікі» не әуірешілік? Ал, қалада өскен, орысша оқыған жастардың арасында керісінше, ана тілін үйренуге тырысатын, акцентпен болса да балаларына қазақша сөйлеуге ден қоятындар баршылық екен. Түбінде солар адам болады.


Қуандық Шамахайұлы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1788    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 06.05.2019, 09:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Мамыр, 16:01
    Ифтар емес, Ауызашар
    4 Мамыр, 10:49
    Қалжа ма, гүл ме?
    29 Сәуір, 11:02
    ТҰҚЫМЫ БӨЛЕК БӘЙГЕ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31