Сен тұр - мен айтайын!

Өзбекстан секілді "Tesla" смартфондарын шығарсақ та әрекет ете берген дұрыс

  • Өзбекстан секілді

    Өзбекстан секілді "Tesla" смартфондарын шығарсақ та әрекет ете берген дұрыс

Қытайдың Чжэндчжоу қаласында әлемдегі IPhone-ның 50% шығарылады. Себебі Чжэндчжоу қаласында Қытай үкіметі іске қосқан Foxconn технопаркі орналасқан. Технопаркте 350 мың адам жұмыс істейді. Мұнда Apple заводы күніне 500 мың смартфон шығарады. Минутына 350 Iphone смартфондарын өндіретін әлемдегі Apple компаниясының ең ірі заводтарының бірі. Сіз бен біздің қолымыздағы IPhone-да Қытайда өндірілген.
Жұмысқа 16 жастан бастап жастарды алады. Жұмысшылардың орташа жасы - 25. Завод екі сменмен жұмыс істеп аптасына 7 күн, 24 сағат өндірісті тоқтатпайды. Орташа айлық - 350$. Қосымша жұмыс істесе - 700-800$.
Қытай үкіметі заводқа жер телімін арендаға беріп, субсидия, салықтан жеңілдіктер қарастырған. Жұмысшылар үшін жатақхана салып берген. Жол салған. Коммуникация, электр энергиясы сынды шығындарға да мемлекет тарапынан көмек беріледі. Осындай бизнеске жасалған жайлы жағдайлардан кейін Apple өз заводын Қытайда ашқан.
350 мың жұмысшы дегенің сұмдық статистика. Астана халқының 35% бір заводта жұмыс істейді деген сөз. Технологияны меңгерген білікті кадрлар, тұтас индустрия Қытайда қалады. Күндердің күнінде мемлекетке пайдасы тиетін дайын тұрған интеллектуалды күш. Бізге мұндай гиганттар завод салуға келеді ме қарау керек. Келмесе Өзбекстан секілді "Tesla" смартфондарын шығарсақ та әрекет ете берген дұрыс. Фундаменті қаланған технократтық бағыт түбінде жарып шығады.
P.S. Жалпы аморфты ойлау жүйесі мен абстрактный санадан кету керек бізге. Өтірік әңгімесі көп елміз. Саясат пен мемлекеттік қолдау да технокарттық бағытқа бұрылуы қажет.




Көрілген: 1473    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 22.03.2021, 17:28

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Наурыз, 10:41
    29 жыл ғана қалды
    26 Наурыз, 10:31
    Не дейін, не дейін...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31