Сен тұр - мен айтайын!

Өзгеге жала жапқанша, өздерінің өткен тарихына бір назар аударса қайтті?

  • Өзгеге жала жапқанша, өздерінің өткен тарихына бір назар аударса қайтті?

    Өзгеге жала жапқанша, өздерінің өткен тарихына бір назар аударса қайтті?

АҚШ КІМГЕ ТАРИХ ҮЙРЕТПЕКШІ?

Кешеден бері бауырлас Түркия Республикасында қызу талқыланып жатқан күн тәртібіндегі мәселе – АҚШ президенті Джо Байденнің Османлы мемлекетіндегі 1915 жылғы оқиғаны «армян геноциді» деп мойындауы болуда.
«Біз жыл сайын Осман империясының дәуірі кезінде жасалған геноцидтің құрбандары - армяндарды еске аламыз. Біз алдағы уақытта мұндай жағдайдың қайталануына жол бермеуіміз керек. Америка тұрғындары 106 жыл бұрын жасалған геноцидтен көз жұмған армяндардың рухын құрмет тұтады», – деген АҚШ президенті Түркияға қарсы тағы бір саяси ойынның ұшын шығарды.
Біздегі кейбір бұқаралық ақпарат құралдарының жаңалықтарына назар салсаңыз, сөйлемдерінің мұхиттың әр жағынан есіп тұрғанын аңғару қиын емес.
Бауырлас мемлекетке жақтасқан ресми мәлімдемені де көзіміз шалмады.
Тек Түркі Кеңесінің бас хатшысы Бағдат Әмреев: «АҚШ президентінің 1915 жылғы оқиғаларға қатысты тарихи ақиқаттарға қарамастан және аймақтық ынтымақтастық пен тұрақтылыққа сызат түсіретін саяси астарлы мәлімдемесіне өкініш білдіремін», – деп, мұндай оқиғалардың тарихи, ғылыми және құқықтық негіздерге сүйенбестен басқа бір мемлекет тарапынан тергелмеуі, сондай-ақ, мұндай тарихты бұрмалайтын сөздердің саяси қаруға айналмауы керектігін баяндап, АҚШ президентінің бұл мәлімдемесін айыптайтынын айтты.
Жалпы, АҚШ-тың мұндай негізсіз мәлімдемесі, расымен де, езу тартқызады. «Өзгеге жала жапқанша, өздерінің өткен тарихына бір назар аударса қайтті?» дегің келеді.
Вьетнамда 4 миллион, Кореяда 3 миллион, Камбоджа мен Лаоста 1 миллион, Ауғанстанда 1,5 миллион, Ирақта 1 миллион, Херосима мен Нагасакиде 350 мың адамды, сондай-ақ, жерін басып алып, 15 миллион үндісті қырып тастаған АҚШ кімге тарих үйретпекші?
АҚШ тарих дегеннің не екенін білмейді! Себебі, өздерінің мақтанышпен айта алатын тарихы да жоқ!
Ал Османлы зұлымдыққа ұшырағандардың панасы болған бір мемлекет еді. Ниеті қара саяси күштер өздерінің зұлымдығын жүзеге асыру үшін де залымдықтарына кедергі болған Османлы мемлекетін жан-жақтан жұлмалап құлатты!
Сондықтан да, біз де залымдардың емес, залымдыққа тосқауыл болғандар мен зұлымдыққа ұшырағандардың жанындамыз!

Салтан Сайранұлы

Фейсбуктегі парақшасына




Көрілген: 2614    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 26.04.2021, 09:37

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Маусым, 12:47
    Маска шоуына бес тиін
    6 Маусым, 09:53
    Не деген феминизм,ә?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30