Сен тұр - мен айтайын!

Өзгенің ықпалынан шыға алмаған жалтақ мінезді көнедегі бабам - көттақылық деген

  • Өзгенің ықпалынан шыға алмаған жалтақ мінезді көнедегі бабам - көттақылық деген

    Өзгенің ықпалынан шыға алмаған жалтақ мінезді көнедегі бабам - көттақылық деген

Жазғанымды тілін білмейтін қазаққа - орысша түсіндіргелі отрығанның күйігін айт?!. Аллам-ай, жаныма бататыны - қазақ тілін білмейтін қазақтардың басым түсіп жатқаны. Бәрі - Өзімізден! Қазақ тілін құқпайтын қазаққа - орысша түсіндіргеннің әлегін айт?! Орысқа несіне ренжиміз, өзіміз оңбағанбыз! Сол мәңкүрттерді орыс емес - қазақ туғызды ғой?! Алдымен ұрпағын мәңкүрт қылған сол ата-аналардың жонынан таспа тілсе ғой! Күйіп кетем!.. Кеше, қызметтес келіншек "біздің қазақ кеңпейіл, ақкөңіл ғой" дегенде жыным кеп: "ешқандай кеңпейілдік емес - көттақы қазақпыз! Өз тіліне ие бола алмаған, өзгенің ықпалынан шыға алмаған жалтақ мінезді көнедегі бабам - көттақылық деген!" десем, ондай сөзді естімепті?) Өз тілін ұмытқан ел боп отырып та "русафобия" дегенді де естідік!.. Өзбекстанда тұратын өзге ұлттың шықпаған жаны?! Жас кезімде жойпат намысқой едім. Әлігі сол, қанша жерден жұлқынып тұрсам да алдымды орыс орап кеткенде: "Шіркін, орысқа кеткен есемді алатын күн туса ғой?" дейтінмін. Сөйтсем, 70 жылдық кеңес дәуіріне жылап көрістік-ау?! Әлі күнге көз алдымда болған бір сәт кетпейді... Үш қыз Шымкенттің көшесінде сол кездің ең хиті - "Мой адрес ни дом, и не улица, мой адрес - Советский союз" деген әнін әндетіп келе жатқанымызда, алдымыздан кездескен қырықтар шамасындағы ағай:"Қарындастарым-ау, не үйің, не, күйің болмағанға несіне мәз болдыңдар? Қайда қарасаң баспанасыз өріп жүрген аз қазақ. Қараңдаршы... Мына биік үйлердің бәрінде өзге ұлттар тұрады. Аз қазақ, өз жерінде босып жүр!" деп жылармандай боп зекіп берді. Біз, не айтарымызды білмей тұрып қалдық. Өзі де күйімізді түсінсе керек, көзіне жас тола, қолын бір сілтеп кетіп қалды. Содан бері ештеңе өзгермеді! Мегаполистің биік үйлерінде пәтер жалдап тұрып жатқан сол, кіл босқын қазақ! Не тілі жоқ, не, үйі жоқ қазақты айтам... Қалай жоғалып кетпей жүргенімізді?.. Мына беталыспен ол да мүмкін-ау, ә?.. Апыр-ай, отыз жылда мәңкүрттің тап өзіне қалайша тез айналдық ә?..

Сая Қасымбек

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1297    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 15.09.2021, 10:53

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Қыркүйек, 00:33
    Алматинский стрелок-3
    14 Тамыз, 21:44
    Қызық, ә...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30