Сен тұр - мен айтайын!

Өзім сондай ақылды болып туғанмын ба, әлде...

  • Өзім сондай ақылды болып туғанмын ба, әлде...

    Өзім сондай ақылды болып туғанмын ба, әлде...

Біз оқуды бітірер жылы Универдің басшылығында ауыс-түйіс болып, бұрынғы деканның орнына жаңасы келді. Бұрынғы кісі дипломдық жұмысымызға дұрыс бағыт бермеген, ал жаңасы бірнеше Оскарлы қасқыр әйел бәрімізді қырып барады. Алдыңғы ағайға өкпелей алмадық, өйткені ол кісі рак болып жүріпті. Универ де сол үшін жұмыстан кетіре алмай, көңіліне қараса керек.


Содан жаңа басшы 1 жыл бойы бәрімізге тегін консультация беріп отырып, көп нәрсені реттеді, көп дүние үйретіп үлгерді. Әрқайсысымызды қабылдап, тіпті үйіне дейін шақырып үйретуге кірісті. Ол міндетті емес еді, ол өтірік диплом қорғатып құтыла салса болатын еді себебі ол енді ғана келді ғой. Ал, ол (біздің көзімізден ұшқын көрді ме десең иә) қиын жолды таңдады. Мұраттың өзі оның талабынан өту үшін бір сценарийді 7 қайтара жазып шықты. 20-25 рет қайта жазғандар да бар екен. Ол өзі бәрін оқып, былай деп кеңес беретін және сен сол бағытта дұрыс бара жатырсың ба, жоқ па, қадағалап отыратын.


Сонымен не керек, бәріміз талабы қатаң, бағасы қымбат Америкада фильмімізді түсіріп, дипломымызды қорғадық. Сосын қайтар шақ жақындағанда біз сол кісі мен тағы бір қатты көмектескен факультет басшысын ресторанға шақырып, сыйластығымызды білдірдік. Осы кісілерге және тағы 3-4 мұғалімге қазақы алқа, сырға, білезік комплектісін сыйға тарттық. Оны елден алдырдық. 1 жыл стипендиясыз (себебі уже тоқтаған еді), өз күнін өзі көрген студент отбасы ретінде ол да оңай шаруа емес. Сол кезде қырғын қытай, бәленбай бразилиялық, бірнеше италиян дегендер ондайға бара қоймады. Оларға да бұл ұстаздар бір жыл тегін қызмет жасады ғой, бірақ олар міз бақпады.


Сонда маған да еуропаша ой келетін «тегін жасаса, олардың кінәсі, неміз бар и осы жалбақтап» деген. Сосын: «Қойшы, сонша жақсылық жасаған жандарға бір сыйластығымызды білдіру керек шығар енді. Басқалар білгенін істесін, біз қазақпыз ғой»,- деп қайта қазақтығым ұстап қалды әлгі жерде.


Бір кезде шамама қарамай, қымбат қамзол кигізгім келеді, әшекейдің де 90-100 мыңдығын тағып кетсем ғой деп қиялдап аламын, сосын қалтама қарап, орташа бағадағысын алдырттым себебі алда әлі қайту бар, ары қарай да өмір бар дегендей.


Соны сыртттан көргендер жағымпаздық деп ойлауы бек мүмкін, ал өзімізге ілтипат болып есте қалды. Мен кеше Тоқаевты және депутаттарды түсіндім. Президентке ештеңе беріп таң қалдыра алмайсың ғой, сосын ілтипат ретінде Астана атын ұсынған болар. Өзім сондай ақылды болып туғанмын ба, әлде соңғы кезде түсінігім молайып кетті ме, әлде өткендегі гемотолог дәрігердің дәрілерін уақытылы ішіп жүргеннен бе, әйтеуір бір нервым ұстамай, нәрмәлніііі қабылдадым.


Мәселе - атауда емес, мәселе - адамдарда. Осы жерде қазаққа Президенттің мүлде жаны ашымайтындай, тек өзінің жаны ашитындай болып, жанұшырып, аттандап пост жазып жатқан жандар басқа бір адамның болсын қайғысына ортақтаса ала ма, бір адамға болсын қол көмегін ұсына ала ма, бір адамның қиын шағында табаламай тұра ала ма, мәселе сонда деп ойлаймын.


Астананың атауы емес, ондағы адамдардың адамдығы маңызды. Әйтпесе, фейсбукте «аттан қазақ» деп, көшеде жасыл жанғанда матизыңның газы отказ берсе, жетіп кеп көмектесудің орнына боқтап кететін жігіттер бар. Бірақ мен оларға да ренжімеймін, өйткені гемотологтың дәрілерін ішіп алғанмын.))


Aissaule Abildayeva

Фейсбуктегі парақшасынан 




Көрілген: 1196    Пікірлер: 0

бейсенбі, 21.03.2019, 16:23

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Мамыр, 16:01
    Ифтар емес, Ауызашар
    4 Мамыр, 10:49
    Қалжа ма, гүл ме?
    29 Сәуір, 11:02
    ТҰҚЫМЫ БӨЛЕК БӘЙГЕ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31