Сен тұр - мен айтайын!

Өзімсінем деп, ол адамды түкке тұрғысыз біреу қылып шығарғаныңызды байқамай қалмаңызшы...

  • Өзімсінем деп, ол адамды түкке тұрғысыз біреу қылып шығарғаныңызды байқамай қалмаңызшы...

    Өзімсінем деп, ол адамды түкке тұрғысыз біреу қылып шығарғаныңызды байқамай қалмаңызшы...

Қазақта өзімсіну деген керемет бір ұғым бар ғой. Өзімсініп біреуге сырыңды ашасың. Өзімсініп біреуге қолыңнан келген жақсылықты да жасай саласың... Бірақ кейде сол өзімсінудің жөні осы екен деп, біз біреудің жеке кеңістігіне үңіліп, билеп-төстеп, ақыл айтып кететініміз де бар. Таяуда бір осындай жайтты өз басымнан өткердім. Бәлен жыл көрмеген құрбым үйіне шақырды. Қонақ етіп күтіп, құрақ ұшып жүр, обалы не керек. Тамақ желінді. Шай ішілді. Неше түрлі естеліктер айтылды. Бәрі жақсы келе жатқан. Кенет әңгіме атақ-даңқ, мансап, байлық жайына ойысты. Әлгі өзім бәлен жылда көрісіп тұрған құрбым не дейді десеңізші? "Сен неге өйтпейсің, неге бүйтпейсің?" "Сен неге анау бәленше сияқты болмайсың?" "Сенің қай жерің кем?", "Тым аңқаусың", "Ақыңды жіберіп қойып отыра бересің", "Сенің орныңда болсам, давноооу..." тағысын тағы.... Қысқасы, сұрақ көп, жауап жоқ. Неге жоқ? Себебі мен біріншіден ондай сұрақ күтпедім. Шыны керек, тосылып қалдым. Екіншіден, өзіме ешқашан ондай сұрақ та, ондай, "яғни, бәленшенің аты неге озады?" деген тақылеттес мақсат та қойып көрмеппін. Бір жағы менен өзім ойлағаннан әлдеқайда биік нәтижелер күтетін адамдар барын біліп қуанып та қалдым. Бірақ, екінші жағынан "сонда мен дұрыс өмір сүріп жатқам жоқ па не?" деген де бір түрлі күдік те туындады. Іштей бір қызық сезімде үндемей отырдым да қалдым. Алайда, құрбыма ештеңе дегенім жоқ, рахмет айтып, қош айтыстым. Бірер күн сол әңгіме ойымнан кетпей жүрді. Алайда, сосын мың-сан нәрсемен ұмытып та кеттім. Тек арасында бір есіме түскенде, "неге өйтті ол?" деп жүрдім...

Содан он күндей өткенде бүгін сол қыз аудио хабарлама жіберіпті. Қосып кеп қалсааам, не деп ойлайсыздар? Кешірім... Иә, иә, әлгі құрбым менен бар жан-тәнімен кешірім сұрап тұр. "Мен сені сондай тым ыңғайсыз сұрақтардың астына алыппын, сенің жеке кеңістігіңе қол сұғып, сол арқылы ұят тірлік жасаппын әрі өз білімсіздігімді көрсетіппін. Ұятын-ай?!. Жаңа ғана психолог Балқия ханымның адамдар арасындағы шекара, жеке кеңістік жайлы сабағын тыңдап, сонда барып түсіндім қателігімді. Кешірші мені" дейді. Шынымды айтсам, таң қалдым әрі қуандым. Неге? Біріншіден, сол сәтте іштей бір түрлі күй кешсем де, бұлқан-талқан болмай, әдеп сақтай алғаныма. Әйтпесе, оның мені қонақ етіп шақырып, құрметтеп, төрінен орын бергеніне лайық болмай қалар едім ғой. Сосын оның өзінің тап сол қателігін түсінгеніне... Тағы да үндемей қоя салатын қасиетім өзіме үлкееен абырой болды. Бәлкім, басқа біреу болса, ренжитін бе еді?! Мен өйтпедім, өйте алмас та едім. Мінезім ондай емес өйткені. Алайда айтайын дегенім, өзімсіну деген жақсы нәрсе ғой, бірақ өзімсінем деп, біреудің жеке шекарасына кіріп, жандүниесін билеп-төстеп, ақыл айтып, ол адамды түкке тұрғысыз біреу қылып шығарғаныңызды байқамай қалмаңызшы... Ол өте ұят іс...

Mариям Абсаттар
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1139    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 15.01.2020, 15:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қыркүйек, 14:33
    Сонда бұл да өсек пе?
    26 Қыркүйек, 17:13
    Қоғамға кешірім өте ме?
    21 Қыркүйек, 10:15
    Мұндай еркек мүлде жоқ...
    11 Қыркүйек, 13:08
    АҚЫН ЕМЕС, ҚАТЫН КЕРЕК...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30