Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Өзіміз қарындастарымызды өстіп жығып беріп жүрсек, басқалар оларды қалай басынбайды?

19 сәуір 2019, 21:58

Кейбір қыздарымыз қазақ жігіттерінің кінәсынан бұзылып жүр. Жігіттердің өзі қазақ қызына нәпсінің көзімен қарайды. Осындай азғындық жайлаған ортада сонда да абыройын түсірмей, намысқа тырысып жүретін қазақтың инабатты, тәрбиелі қыздары өте көп. Соларды көргенде риза боласың. Үйге дейін екі қыз мәшинемен әкеп тастады. Жұмыстан шығып қалып, таксилетіп ақша тауып жүрген қыздар екен. Жастары шамамен 25-тің маңайындағы қыздар. Жолдан бір жігіт отырды да, әлгі қыздарға қырындап тиісе бастағанда, екеуі оған: «Біз сияқты қарындастарыңыз бар шығар, ұят емес пе!» деп еді, әлгі жігіт жаман қызарақтап, жерге кіріп кете жаздады. Мен де қыздарды қолдап, біраз әңгіме айтып тастадым. Қарындастарымызға қорған болудың орнына, өзіміз оларды ойнастық жасауға итермелейді екенбіз. «Қазаннан қақпақ кетсе, ұрыдан (нәпсіден) ұят кетеді» деп осындайда айтса керек. Өзіміз қарындастарымызды өстіп жығып беріп жүрсек, басқалар (келімсектер) оларды қалай басынбайды?

Жолымбет Мәкіш
Фейсбуктегі парақшасынан