Сен тұр - мен айтайын!

"Өзін де, өнерді де қорғып несіне сахнада жүр?.."деп, қарның ашады

  • "Өзін де, өнерді де қорғып несіне сахнада жүр?.."деп, қарның ашады

Театр артистерінің кәсібіне деген жауапкершілігі қандай дәрежеде екені менсіз де көп айтылып жүр. "Білгенім - бір тоғыз, білмейтінім - тоқсан тоғыз" демекші, білмейтінім жеткілікті. Білетінім - әркім өз кәсібіне адал болуы керек! Көпке топырақ шашпаймын. Десе де, кәсібіне адал артистерді - "еместер" басып кетіп жатыр. Барша театрларға ортақ кесел - артистердің басым көбінің тілі сақау. Сахнада не айтып жүргені өзі түсінбей ойнайтындары да жеткілікті. Әсіресе, поэтикалық қойылымдарды қойған режиссерге жаның ашиды. Соңғы кезде поэтикалық қойылымдар қолға алына бастады ғой.Режиссер жаңалыққа ұмтылады. Артистердің сөзі... Бейне бір тақтаның алдында тақпақ айтып тұрған оқушы дерсің?! Неге?.. Артистеріміз неге өздігінен өз тілін, ойынын көрерменге жеткізуге ұмтылмайды?! Тап осындайда орыстардың артистері поэзия тілін "адамша сөйлететін" шеберлігін еріксіз мойындауға тура келеді. Сонда деймін-ау, қазақ артистерінің орыс артистерінен қай жері кем?!. Әлбетте, өздігінен жұмыс істемейтіні... Тілінің сақаулығына мән бермейтіні. "Ойнап шықсам болдыға" салатыны. Сынды қабылдамайтыны. Сын айтқанмен өле-өлгенше атажау боп жүретіні. Көп ә?.. Аузынан шыққан сөзі көрерменнің айызын қандыратындай дөп атпай, жаяу жүретін артистерді көргенде: "Өзін де, өнерді де қорғып несіне сахнада жүр?.."деп, қарның ашады. Бұл кесел - қазақ театрларына тән.

Жәй... Көрерменін дүрліктірген поэтикалық қойылымдағы артистердің сөзді қаракеттен бөлек тақпақтата сақауланғанын көргенде келген, ой...

Сая Қасымбек
Фейсбуктегі парақшасынан

 




Көрілген: 891    Пікірлер: 0

жұма, 13.03.2020, 21:37

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31