Сен тұр - мен айтайын!

Өзін құрметтейтін, білімді, рухани бай, зиялы адамдары көп қоғамды елестетіп көріңізші?!

  • Өзін құрметтейтін, білімді, рухани бай, зиялы адамдары көп қоғамды елестетіп көріңізші?!

    Өзін құрметтейтін, білімді, рухани бай, зиялы адамдары көп қоғамды елестетіп көріңізші?!

ФБ бетінде әлемді шулатқан коуч, бизнес-тренер, мотиватор, талай жазушы мен бизнесменге, тіпті президенттерге ақылын айтып шабыт сыйлаған Энтони Робинс онлайн сабақ өткізеді екен деген жарнама толып кетті. Бағасын қарамадым, себебі өзіміздің бірнеше кітап оқып психолог болып кеткен "психологтардың" бағасының өзі удай қымбат болып тұрғанда бұл мүлде ұшып тұрған шығар деп ойладым.
"Егер адам өмірін өзгертуді мақсат тұтып, наным-сенімін, сезімін бақылауда ұстай бастаса, жан азабы, жан жарасы олардың өмірінің ажырамас бөлігіне айналмас еді. Өкінішке қарай, ешкім бұл жолға түсуге асықпайды. Олар өмірден бір ғажайыпты күтеді, одан соң сәтсіздігін еңсеруге тырысады, тіпті көп жағдайда қасіретке толы тағдырына налитын жылауықтың рөліне енеді немесе біреудің көмегімен аяққа тұрып кетудің мүмкіндіктерін іздей бастайды" депті ол "Бойыңдағы алыпты оят" (Awaken the Giant Within) деген кітабында. Яғни өз өміріңді өзің жасай аласың дейді. Онда несіне оның сабағына қатысуымыз керек? Бізде аударылып жатқан кітабын оқи салмаймыз ба? )))
Жарнаманы жақсы жасаймын ба? Әзіл әзілімен, бірақ білім адамға аздық етпейді. Адам білімді болған сайын, өзін жақсырақ таниды, кемшілігін түзетеді, тым болмағанда "өзімен алысып" өзге біреудің өміріне қызығып, өсектеуден арылады. Кемшіліктерімен күресіп, оларды азайтқан сайын өзіне деген сенімі мен құрметі артады. Өзін құрметтейтін, білімді, рухани бай, зиялы адамдары көп қоғамды елестетіп көріңізші?! Шіркііін! Баяғы Асан қайғы мен әл Фараби аңсайтын (қайырлы қала тұрғындары" болмаймыз ба?
"Біреудің мінін көргенше,
Жамандығын тергенше,
Өз ойыңды мазалап,
Өз бойыңды тазалап,
Өзіңмен күрес өлгенше!" деген ғой Шәкәрім. Осыны айнытпай істесеңіз, бойыңызда жасырынған алыпты міндетті түрде оятып, орасан жетістіктерге жетесіз!

facebook.com парақшасынан 




Көрілген: 1606    Пікірлер: 0

жұма, 07.05.2021, 01:27

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Маусым, 12:47
    Маска шоуына бес тиін
    6 Маусым, 09:53
    Не деген феминизм,ә?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30