Өзің төлеген «теңгенің» жұмсалуын сұрауға, қадағалауға қақың бар!

07 тамыз 2021, 14:51

— «Спортшыларды сынағанша, олимпиядаға өзің неге барасалмағасың?» деп жүрген жарымдарға:
— Мен бармасамда, сол спортшының дайындығына, олимпиадаға баруы қаражатын мен төлеп отырмын! — деп жауап бересал!
Өйткені, сен салық төлеушісің!
Өзің төлеген «теңгенің» жұмсалуын сұрауға, қадағалауға қақың бар!
1. Спорт саласында бар «жарыста жеңсе — құдайдың қолдағаны, жеңілсе—қаламағаны..» дейтұғын ұғымнан арылу керек.
Жеңіп тұрған спортшының саусағын шошайтып «аллаһуакбар» дегені көп жастарды дінге жетелесе, жеңілгенде мыңқиып — сүмірейіп қалғанымен ешкімнің жұмысы жоқ.
Осыған тыйым салу қажет!
2. Әрбір спортшыға бөлінген «1000 теңгенің 800 теңгесін» жеп қоятын спорт кураторларын ауыстыру қажет!
3. Спорттағы трайбализм (қазақтар арасында), яғни жершілдік, рушылдық т б бөліну принциптері арқылы резерв дайындағаннан арылу керек.
4. Қазақ елі жетістікке жете алмайтын спорт түрлерін жапқан дұрыс.
5. Ұлтшыл ретінде айтарым, «қанша бақсаңда қасқырды, орманға қарап ұлиды..» демекші, қазақ елі байлығын өз ұрпағы салауатын арттыруға жұмсауы керек.
Ұлтшылдықты Өзбектер мен Қырғыздардан, ал намысқа тырысуды кавказдықтардан үйренген дұрыс!
Қазақтар! Құр мақтана бергеннен пайда шамалы. Сөзден іске көшейік!

Тортуыл Шоқан

Фейсбуктегі парақшасынан