Өзіне қол салса, тек өзіне зиян келтірді...

09 маусым 2022, 22:19

Кім не десе, о десін. Бірақ Маңғыстауда екі кісінің өз қарнын кесіп, сес көрсетуі мен кейбір әйелдердің әкімдік алдына жиналып, бірден үй талап етуін бір сөзбен сипаттауға болады. Манипуляция.
Немесе біреуді үркіту арқылы өз мақсатына заңсыз жетудің жолы. Басқаша сипаттай алмайсың.
Екі кісі Өзенмұнайгазға кезектен тыс жұмысқа тұрғысы келген. Кезекті сақта, заңды сақта дегенде, өз қарнын кескен.
Елордада да талай әйел (1-2 баланың аналары да) табан астында пәтер бер деп шу шығарды. Көбіне өзге аймақтардан жақында көшіп келгендер. Ресми кезекте 48 мың кісі тұр. Ол тізімде ардагер, мүгедек, жас отбасы, көпбалалы, жалғызбасты аналар да бар десе, ондай уәжді естігі келмейтін.
Екі жағдай да бір психологиялық поведение. Манипуляция.
Меніңше, ондай қылықтың уақыты өтті. Өзіне қол салса, тек өзіне зиян келтірді және ауруханаға қосымша науқас тауып берді. Қорқытты екен деп заңсыз талаптарды орындай берсе, ертең бұл геометриялық прогрессиямен өсе береді. Соңы хаосқа айналуы әбден мүмкін.
Ең бастысы қоғам да "өзіне қол салыпты, аясайшы, сұрағанын бер" деп моральдық тұрғыда қолдауын қою қажет. Ақ пен қара, заң мен заңсызды дөп басатын критическое мышление қажет.

facebook.com парақшасынан